Синтаксис терминінің мағынасын анықтап, оның салалары мен зерттеу мәселелерін баяндаңыз


Құрама баяндауышқа қатысты көмекші етістіктер



бет38/38
Дата26.12.2023
өлшемі1,87 Mb.
#143617
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
96. Құрама баяндауышқа қатысты көмекші етістіктер



100. Бөгде сөз
Бөгде сөз, оның түрлері жалпы аз зерттелген. Тек ғалым Ә.Әбілкаев бөгде сөзді арнайы зерттеу нысаны етіп алып, тереңірек карастырды. Сол еңбегінің нәтижесі — бүгін көпшіліктің колында жүрген, кейін 1956 жылы қайтара жарық көрген «Қазак тіліндегі төл сөз бен төлеу сөз» кітабы. Автор бұл еңбегінде: «Төл сөз күрылысы — белгілі бір дәуірдің ғана жемісі емес, талай замандар бойында калыптаскан тарихи катетория. Төл сөз кұрылысы түрік тілдерінің бәріне ортак ертедегі жазу мұрасы — Орхон-Енисей нұскаларында, сондай-ақ одан бергі дәуірдегі жазба шығармаларда және хальщтың ауыз әдебиетінде кездесіп отырады» (9,4), — деп төл сөздердің калыптасып, дамуының тарихы сонау ҮІІ-ҮШ гасырларда жатканын аңғартады.
Орыс тіл білімінде де бөгде сөз барлык дерлік тілшілер еңбегінде сөз болды десе болады. А.Г. Руднев төл сөздің анықтамасын бере отырып, төл сөздер кұрамының одағайға, каратпа сөздер мен модаль сөздерге бай келетінін айтады және олардың төл сөзге’экспрессивті-эмоциональды реңк беруде үлесі зор екендігін көрсетеді (46 ,309).
Сондай-ак Н.С.Валгина, В.В.Бабайцева, С.Г.Бархадуров т.б. ғалымдар өз еңбектерінде арнайы сөз козғайды.
Енді бөгде сөздің үш түрі тілімізде белгілі. Олар:

  1. Төл сөз;

  2. Автор сөзі;

  3. Төлеу сөз.

Төл соз. Қазақ тіл білімінде калыптасқан дәстүр бойынша төл сөз деп жазушының не болмаса сөйлеушінің сөзін ешкандай өзгеріссіз, бұлжытпай алып, өз сөзі ішінде қолданған біреудің сөзін айтады. Төл сөздің ортақ төл сөз деп аталатын түрі бар. «Ортак төл сөз дейтін себебіміз: төл сөздің бұл түрі персонажға да, автордың өзіне де ортақ болып келеді. …Мұнда , негізінен, персонаж сөзінің ерекшелігі басымырақ болады, сонымен қатар авторға тән кейбір сөздер катысады» ( 9,69).
Қолдану орнына және қолдану мақсатына карай төл сөз цитат, диалог
түрінде келеді.
Цитат, әдетте, саяси әдебиеттерде, ғылыми, публицистикалык еңбектерде қолданылады. Осы цитат ретінде келтірген төл сөздің айналасында оны пайдаланып отырған жазушының немесе сөйлеушінің өз ойы қоса колданылады. Ол автор сөзі деп аталады.
Автор созі. Автор сөзі диалог түрінде келетін, яғни екі адамның сөйлесуі кезінде колданылатын төл сөздерде де кездеседі. Бірақ диалог түріндегі төл сөз колданылу орны жағынан да, кызметі жагынан да цитат түріндегі төл сөзден баскаша. Қолданылу орнына. карай диалог төл сөз көркем эдебиет жанрларында, әсіресе, драматургия саласында кеңінен колданылады.

  • Бұл кім?

  • Базарбай гой!

  • Бұл қайдан келеді?

  • Хабар беремін деп Тәкең ауылына кеткен, содан келе жатқан

шыгар.

  • Шақыр, мұнда келсін! /М.Әуезов/.

Ал цитат колданушы автордың пікірін дәлелдеу үшін колданылады. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»,- деп Абай атамыз айтқандай, еңбек ете біліңдер, сонда гана алга қойган мақсаттарың орындалмақ / «Қаз.әдеб.» газ./.
Төл сөз бен автор сөзі арасындағы байланысты камтамасыз ететін дәнекер -«де» көмекші етістігі. Төл сөз «де» етістігінің арқасында өзінің ішкі дербестігін сактаса, «де» етістігімен қоса автор сөзі түріндегі сөйлемнің бір мүшесінің кызметін атқарады. Төл сөзді автор сөзімен байланыстыру функциясында қолданылганда де етістігі деді, деген. дейді. депті. деп, десе жэне септік жалгаулы есімше түрінде айтылады.
«Өнер алды — қызыл тіл».-дейді халыкмакалы. дәл, үтқыр сөз.
Толеу сөз. Адам, яғни айтушы немесе жазушы біреудің сөзін пайдаланганда үнемі өзгеріссіз, сол қалпында жеткізе бермейді. Кейде біраз езгерістер, өз тарапынан қосымша сөздер қосып жеткізуі мүмкін. Тіпті біреудің сөзінің кей жерін алып тастап, грамматикалык кейбір формаларын өзгертіп колданады.
Төл сөз бен төлеу сөз бірдей емес. Бұл екеуі — сөйлеуші /айтушы/ немеее жазушының өз сөзі ішінде бөгде біреудің сөзін, пікірін келтірудің екі түрлі тэсілі. Сондықтан екеуінің арасында біраз айырмашылықтар бар:

  1. Тел сөзде сөйлеуші не жазушы бөгде біреудің сөзін ешкандай өзгеріссіз, бұлжытпай жеткізсе, төлеу сөзде ол өзгеріске түсе отырып жеткізіледі. Яғни автор оның бірер сөзін ауыстырады не болмаса бірер сөзінің бастапқы морфологиялық формасын, соған сәйкес синтаксистік кызметін өзгертеді. Кейде өз тарапынан сөздер де косады.

  2. Төл сөзбен ілесіп үнемі автор сөзі жүреді. Ол екеуінің жігі айкын білініп, бір-бірінен бөлек, жеке орналасады. Төл сөзді автор сөзімен байланыстыру үшін оган тұлғалык өзгерістер енгізудің кажеті болмайды. Ал төлеу сөзде автор сөзі бірге араласып, кейде форма жагынан ауысып кетеді және бөлек тұрмай, бірге, бір сөйлем құрамында келеді.

  3. Төл сөзді сөйлем айтылу интонациясына, сазына карай эр түрлі мағынада болып келеді. Олар хабарлы да, сұраулы да, сондай-ак лепті сөйлем де бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет