Синтаксис терминінің мағынасын анықтап, оның салалары мен зерттеу мәселелерін баяндаңыз


Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері туралы баяндаңыз



бет30/38
Дата26.12.2023
өлшемі1,87 Mb.
#143617
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38
77. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері туралы баяндаңыз
Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері. Сөз тіркестерінің басыңқы сыңарлары есімді, етістікті бағыныңқы сөздердің байланысу формасына, тұлғасына қарап бірнеше топқа бөлінеді. Соның бірі – меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері. Меңгеріле байланысатын сөз тіркестерінің ерекшелігін олардың құралу тұлғасынан қарап айырамыз. Олар барыс, шығыс, табыс жатыс, көмектес жалғауларының бірінде болады да, басыңқы сөз сол жалғаудағы сөзді керек ететін етістік не есім болады. Осыдан меңгеріле байланысқан сөз тіркестері жасалады. Меңгеруші сөз жетектеуші де, меңгерілуші оның жетегіне еруші сөз болады. Септік жалғаулары сөзбен сөзді байланыстырумен қатар, түрлі-түрлі синтаксистік қатынасты білдіреді. Мысалы, барыс септігіндегі сөз беталысты, бағытты, мақсатты, мезгілді т.б. білдіреді. Сондай мағыналық қатынастар тек жалғау жалғанған сөздердің əртүрлі болуынан ғана тумайды, тұтас сөз тіркестерінің қарым-қатынасынан туады. Жоғарыда аталған септік жалғауларын меңгеріп, түрлі-түрлі мағыналық қатынастағы сөз тіркесін құрайтын сөздер, негізінде етістіктер болады. Солай болатындықтан меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері сирек қолданылады.
78. Қабыса байланысқан сөз тіркестері туралы баяндаңыз
Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері. Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің құрамы əр түрлі болады. Етістіктер мен қабыса байланысатын сөздер; үстеулер, еліктеуіш сөздер, көсемшелер, сын есімдер, сан есімдер, жалғаусыз зат есімдер. Есімдіктердің ішінде тек сұрау есімдіктері ғана етістіктермен қабысу жолымен қалай оқиды? қанша сұрайды? Деген сөз тіркестерін құрайды. Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері бағыныңқы сыңардың ыңғайына қарай; 1) үстеулі сөз тіркесі 2) еліктеуішті сөз тіркесі 3) көсемшелі сөз тіркестері 4) сын есімді сөз тіркестері 5) сан есімді сөз тіркестері; 6) зат есімді сөз тіркестері деген алты топқа бөлінеді.
79. Хабарлы сөйлемнің анықтамасын, жасалу жолдарын, түрлерін айтыңыз, мысалмен түсіндіріңіз
Бірдеңенің не бір істің жайын баяндау мақсатымен айтылған сөйлем хабарлы болады. Мысалы: Асау Терек долданып, буырқанып, тауды бұзып, жол салған, тасты жарып. Хабарлы сөйлемдердің мазмұны əр түрлі болады. Олардың мазмұны сөйлемге қатысқан сөздердің, сөйлем мүшелерінің əсіресе баяндауыштардың мағыналық, тұлғалық ерекшеліктерімен байланысты. Хабарлы сөйлемдер, жалпы алғанда, бірсыдырғы баяу əуенмен айтылады: жалаң сөйлемдер тақ –тұқ қайырылса, жайылма сойлемдерді айтқанда, дауыс сөйлемнің соңында бəсеңдей түсіп тынады. Мысалы: Түн жым- жырт. Жел жоқ. Бірақ сəл ғана білінген салқын бар. Бір сөйлемнен екінші сойлемнің межелі жігі пауза арқылы айрылып тұрады. Бірақ хабарлы сөйлемдегі жеке сөздердің айтылу əуені əр уақытта бірқалыпты бола бермейді. Көп құрамды хабарлы сөйлемнің ішіндегі бастауыштын не толықтауыштың манына топтаған сөздердің саны неғұрлым көп болса, сол топ солғұрлым оқшаулана түсіп, көтеріңкі дауыспен айтылады да, одан кейін дауыс бəсеңдей береді. Мысалы: Таудан төмен сырғанап келе жатқан шаңғышылар колхоз клубының алдына келіп тоқтады. Баяндауышы зат есім мен есімдіктен болатын сөйлемдер интонация жағынан екі бөлініп айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет