87. Риторикалық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемнің анықтамасын беріп, жасалуын түсіндіріңіз
Риторикалық сұрау(лепті сұрау)-шешендік тәсілге жататын айшықты сөз тіркесі, ойды, сезімді әсерлі ету үшін жауабы өзінен өзі-ақ айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту. Бұл күмәндану, шүбә келтіру мүмкін емес деген айрықша сенімділікті білдіреді. Мысалы:
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте-бұлт, жерде желмін гулеген,
Жер еркесі желдің жөнін кім сұрар?
Кейде айшықты шешендік сұрау, жансыз нәрсеге қаратылып айтылып, сұраулы арнау сөз түрінде келеді. Қазақ поэтикасында мұндай үлгіні сұрай арнау деп те атайды. Алайда сөздің негізгі стильдік ерекшелігі, өзгеше мәнділігі сұрау түрінде айтылуына байланысты болады. [1]
88.Түрткі сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемнің анықтамасын беріп, жасалуын түсіндіріңіз
89. Бұйрықты сөйлемнің анықтамасын беріп, жасалу жолын түсіндіріңіз
Бұйрықты сөйлем. Бұйрықты сөйлем біреуді іс істеуге жұмсау мақсатымен айтылады. Ондай мақсатпен айтылатын сөйлемдер жалаң бұйрық ретінде ғана айтылмайды, сонымен қатар кісінің еркін, талабын, кеңесін, тілегін, жалынышын т.б. білдіреді. Бұйрықты сөйлем, негізінде, ауызекі тілге тəн. Көркем əдебиетте ондай сөйлем диологта жиі ұшырайды. Бұйрықты сөйлемдер етістіктің бұйрық жəне қалау райы арқылы жасалады. Олар сөйлемнің баяндауышы болып жұмсалады да, сөйлем түгелімен асқақ əуенмен айтылады. Бұйрықты сөйлемдердің айтылу əуені оларды қандай мазмұнда жұмсалуына қарай түрліше болады. Егер бұйрықты сөйлем бұйыру, қатал талап мағынасында жұмсалса, ол көтеріңкі дауыс екпінімен айтылады; егер кеңес, жалыныш, тілек магыналарында жұмсалса, олар бəсең дауыспен айтылады. Алдыңғы жағдайда баяндауыш көбінесе сөйлемнің басына қойылады. Бұйрықты сөйлем көбінесе толымсыз болады да, оның орнына қаратпа сөз қолданылады. Қаратпа сөздер істі істеуге тиісті кісіні, бұйрықтың кімге, неге арналғанын білдіреді. Бұйрықты сөйлемдердің тағы бір ерекшелігі мынау: олар көбінесе аз сөзден құралған ықшамды болады да, екпінді əуенмен тақ –тақ айтылады. Бұйрықты сөйлемдердің баяндауыштары қандай сөз болғанына қарай жəне сөйлемнің құрамы қандай болуына қарай, олардың мазмұны əр түрлі болады. Баяндауыштары еиістіктің бұйрық райының екінші жағында айтылған сөйлемдерді көбінесе бұйрық, талап кейде үндеу мəнді болады: Тарт тіліңді! Жоғал көзіме көріңбей! –деп Ысқақ кимелеп кетті. Баяндауыштары бұйрық райының үшінші жағында айтылған сөйлемдер көбінесе талап, тілек мəнді болады: Баяндауыштары етістіктің бұйрық райында айтылып, оған –шы-ші қосымшасы жалғанып, тілек, жалыныш не сыпайы түрде бұйыруды білдіретін сөйлемдер жасалады. Етістіктің қалау, бұйрық рай тұлғасынан жасалған баяндауыштары бар сөйлемдер ұран, үндеу мағынасында да жұмсалады. Колхозшылар мен совхоз қызметкерлері, ауыл шаруашылық, мамандары!
Достарыңызбен бөлісу: |