7.Бастауыш, оның мағыналық, тұлғалық белгілері туралы баяндаңыз Бастауыштың жасалуы. Бастауыштың мағынасы баяндауыштың морфологиялық құрамындағы тұлғалар арқылы белгілі болып дербес тұра береді. Ондайда бастауыш сөйлем ішінде арнайы айтылмай, сөйлем толымсыз болы да мүкін.Ал баяндауышсыз толымсыз сөйлемдер өте сирек кездеседі. Əсіресе диалогта, мақал-мəлтеде («қой баласы-қозыдан» сияқты) баяндауыштың «түсіп қалуы» «ықшамдылықпен» байланысты. Осындай, баяндауыштың синтаксистік қызметі бастауыштан басым болғанына қарап, баяндауышты ғана бас мүше деп қарау дұрыс болмайды. Шынында да, ол екеуі де-сөйлем құрауға ұйытқы болатын, басқа мүшелерді айналасына үйіріп тұратын, сөйлемнің діңгекті орталығы-бас мүшелер. Бастауыштың грамматикалық тұлғасы-сөздің атау тұлғасы. Басқаша айтқанда, бастауыш қызметінде жұмсалған сөз не сөз тіркесі атау септігінде тұрады. Бастауыштар кейде формаланбаған ілік септігінде де айтылады; ондай ілік септікті бастауышы бар сөйлемнің баяндауышы не тəуелдік жалғаулы сөз күрделі баяндауыштың құрамында болып келеді: Шығанақ почта конторындағы радиоға құлағын төсеп отырғаны (Ғ.Мұстафин). Тас түсіріп тұрсам, мына біреулер жанжал шығарып тұрғаны(Қ.Əбдіқадыров). Бастауыштарға қойылатын негізгі сұрақтар кім?, не? Бастауыш қызметінде жұмсалатын сөздердің көптік,тəуелдік жалғауларда жұмсалуына қарай жоғары сұрақтар да сол жалғауларда айтылуы мүмкін. Бұл сұрақтар сөйлемде бастауыш болар деген сөздерге жалаң күйінде қойылмайды,баяндауыштармен қабаттаса қойылады. Мысалы: Ажар баяндама жасады.(Кім баяндама жасады?-Ажар…) Айту оңай, істеу қиын.( Не оңай?- Айту… не қиын?- істеу…) Дегенмен, сөйлемде бастауыштық негізгі қызмет атқаратын сөздер-зат есімдер мен олардың орнына жүретін есімдіктер. Олар түбір тұлғада да, көптік, тəуелдік қалпында да бастауыш болады: Салика қырман басына келді. Колхозшылар астықты элеваторға жөнелтіп жатыр. Бастауыш қызметіндеи жұмсалатын сөдердің енді бір тобы-сапалық-есімдер-сын есім, сан есім, есімше:Қорқақ бұрын жұдырықтар. Алтау ала болса, ауыздағы кетер… Бастауыштар жеке сөзден болған –жалаң, көп сөзден құралған-күрделі не үйірлі болуы мүмкін. Күрделі, үйірлі бастауыштарға мыслдар; Күрделіге: Сөз қуған бəлеге жолығар. Жақсы жұмыс-жанға тыныс. Аузы күйген үріп ішер. Зат есімдер мен есімдіктерден болған бастауыштар. Сөйлемде бастауыштық қызметте жұмсалатын сөздер, негізінде, зат есімдер болғанмен, олардың барлығының бастауыш болу қабілеті бірдей емес. Бастауыш-суьбекттінің грамматикалық баламасы. Ол іс істеуші қимыл иесі болатындықтан, сол қызметі өтей алатын заттардың аты арнаулы бастауыш болуға бейім болады. Сондықтан ондай зат есімдер арнаулы бастауыш болатын сөздер делінеді. Мысалға: Жарас ағаш екті деген сөйлемді алайық. Мұнда Жарас, ағаш деген екі зат есім бар.Ол екеуі сөйлемде екі түрлі қызметте айтылған. Жарас-қимыл иесі, бастауыш, ағаш-қимылдың объектісі, толықтауыш.Олардың орнын ауыстырғанмен бірінің қызметінде екіншісі жұмсала алмайды. Оның себебі-ол екі зат есімнің екі түрлі синтасистік қызметті атқаруға бейімділігінде: Жарас-арнаулы бастауыш болатын сөз де, ағаш-арнаулы толықтауыш болатын сөз. Зат есімдердің ол айырмашылығы қазақ тілінде кісі, кісі емес деген ұғыммен байланысты. Ол айырмашылықты зат есімдерге қойылатын екі түрлі сұратан да аңғаруға болады. Жалпы алғанда, кім? деген сұрақты қоюға болатын зат есімдер (олардың орынбасар сөздері –жіктеу есімдіктері де)-арнаулы бастауыштар, не сұрағын қоюға болатын зат есімдер- арнаулы толықтауыштар. Сонымен қатар кейбір жанды-жансыз заттарға ғана тəн іс-əрекет, қимыл, күй болуы мүмкін. Мысалы: құс ұшты, бұлбил сайрады,, сиыр мөңіреді, жауын жауды, жел уіледі. Осыдай сөйлемдерде бастауыш қызметіндегі зат есімдер баяндауыштар арқылы айтылған хабардың бірден-бір арнаулы иелері болып тұрады. Бірақ олардың мұндай əрекеті тар көлемдегі тіркестер арқылы ғана айтылады. Сондықтан мұндай сөздер бастауышболып көп жұмсалмайды. Осылардай, зат есімдердің бастауыш болу қабілеті бірдей болмағанмен, олардың бастауыштық тұласы бəріне бірдей. Ол-атау септігі. Атау септігіндегі зат есімдер жекеше, көпше жəне тəуелді тұлғада бастауыш болуына мысалдар: Лиза Рахметке бұрылды. Кештетіп Қожаш үйіне келді. Батырлық майданда сыналады. Өздерінің лексикалық мағыналарында көптік ұғымы бар зат есімдер жекеше тұлғада бастауыш болыпта көптік мағынада жұмсалуы мүмкін: Қалың қой қыбыр етпей тыныштық алып, үнсіз ғана тыным алды. Сиыр атаулы … шалшық суларға кіріп, көлбей-көлбей жатып апты. Тəуелдік жалғауы зат есімдер бастауыш қызметінде заттың кімге, неге тəн екенін білдіреді де, ондай сөздің бастауыштық икемі арта түседі: Шешем қатты сағынып жүрген сиақты. Əкеңіз кім болған еді? Кімнің ісі көп болса, соның күші көп болады.