Синтаксис терминінің мағынасын анықтап, оның салалары мен зерттеу мәселелерін баяндаңыз


Етістіктен болған баяндауыштардың анықтамасын айтып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіз



бет6/38
Дата26.12.2023
өлшемі1,87 Mb.
#143617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
Емтихан сұрақтары Синтаксис-1

9.Етістіктен болған баяндауыштардың анықтамасын айтып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіз
Етістік баяндауыш—етістіктен болған баяндауыштар. Етістік баяндауыш есім баяндауыштарға қарағанда тиянақты предикат (баяндауыш) кызметін атқарады, сонымен бірге сөйлемдегі басқа мүшелердің тірегі болып, бастауыштың іс-қимылын, күйін білдіреді. Етістік райлық, шақтық, етіс тұлғаларының бәрі де баяндауыш бола береді. Көсемше тұлғалы етістіктер дара күйінде құрмалас сөйлемдердің баяндауышы болады (жаңбыр жауып, жер көгерді), бірақ кейбір өлең жолдарында болмаса, жай сөйлемнің тиянақты баяндауышы бола алмайды. Есімшелердің баяндауыш кызметінде жұмсалуы басқа есімдердегідей:
1,2-жакта жіктік жалғауда қиысып айтылады (мен барғанмын, сен барғансың),
3-жакта жіктік жалғау жалғанбайды (ол барған).
10. Есім баяндауыштарды анықтап, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіз
Есім баяндауыш— есім сөздерден жасалған баяндауыш. Қазақ тілінде есім сөздердің қайсысы болса да, баяндауыш қызметінде жұмсала береді, оған орыс тіліндегі сияқты көмекші етістіктің дәнекерлігі шарт емес. Баяндауыш қызметіндегі 1, 2-жақтық есімдерге баяндауыштың грамматикалық басты тұлғасы болып табылатын жіктік жалғаулары жалғанады: мен студентпін, сен студентсің. Есім баяндауыш 3-жақта жіктік жалғауын қабылдамайды: ол студент, ол әдепті. Есім сөздер түбір қалпында да баяндауыш қызметін атқарады, ол үшін баяндауыш бастауыштан кейін тұрып, оның мүшелік қызметі дауыс ырғағы арқылы айқындалып тұруы қажет: ағаш көркі — жапырақ, (мақал). Зат есімдер көлемдік ұғымды білдіретін жатыс, шығыс септіктерінде тұрып та баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы: «Бұл ауыл қазір Ой құдықта» (М. Әуезов). Есім сөздерден дара баяндауыштардан басқа күрделі баяндауыштар жасалады. Мысалы: «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» (Абай
11.Құрама баяндауыштарды анықтап, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіз
Құрама баяндауыштар есімдер мен етістіктерден құралады. Мы, Мына төсекте сақалы ербиіп жатқан-осы Нағиманың ері. Кәсібі-ағаш шабу. Осы мысалдағы «Нағиманың ері»-күрделі есім бастауыш. Егер оған «еді»,«екен»,«болатын» сияқты көмекші етістік қосып айтсақ, баяндауыш құрама болады. Кәсібі ағаш шабу деген сөйлемнің баяндауышы-ағаш шабу-құрама.
Құрама баяндауыштың негізгі сөзі көбінесе есім болады.
Есім баяндауыштардың қызметін тиянақты ете түсіп, оларға шақтық, видтік, модальдық мағына қосу керек болғанда, олардан кейін әртүрлі көмекші етістіктер, модальдық сөздер айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет