Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту



бет1/10
Дата09.06.2023
өлшемі218,5 Kb.
#100230
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Мазмұны




Кіріспе.........................................................................................................................3


1 Синтаксисті оқыту жолдарының теориялық негіздері...............................4
1.1 Синтаксисті оқыту мәселесі...........................................................4
1.2 Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту
мәселесі.................................................................................................7
1.3 Синтаксисті оқытуда тілдік қатынас пен танымдық
лингвистика теорияларының алатын орны......................................11
1.4 Қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан
оқыту тұжырымдамасы.....................................................................13
2 Синтаксисті оқытудың ғылыми-методологиялық негіздері...................19
2.1 Синтаксисті оқытуда берілетін білім мазмұны.........................19
2.2 Синтаксисті тіл білімі салаларымен тоғыстыра оқытудың қатысымдық-танымдық негізі..........................................................22
2.3 Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың психологиялық негізі........................................................................25
2.4 Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың педагогикалық негізі........................................................................27
Қорытынды..........................................................................................................29
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...........................................................................30


Кіріспе


Тілді қатысымдық тұрғыдан игерту студенттің тілдік қарым-қатынаста тілдік бірліктер мен синтаксистік категорияларды орынды қолдануына ықпал етеді. Қазақ тiлi синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту білім сапасын арттыруға, жаңа жүйенің басым бағыттарын жүзеге асыруға септiгiн тигiзедi. Сонымен бірге педагогикалық үдерістің жаңа парадигма тұрғысынан жетілдірілуін қамтамасыз ете келіп, студенттердің танымдық қабілетін белсендіреді, аналитикалық ойлауы мен шығармашылық әлеуетін дамытады, олардың қатысымдық, танымдық, кәсіби, лингвомәдени, әлеуметтік-тұлғалық және т.б. құзыреттіліктерін қалыптастырады. Бұл синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың технологиялық сипатын жан-жақты айқындауды қажет етеді.


Жоғарыда аталған мәселелердің барлығы қоғам сұранысын өтейтін білікті де білімді, жан-жақты дамыған, құзыреттілігі қалыптасқан маман дайындаудың ұтымды жолы, басым бағыты ретінде синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан меңгертудің ғылыми-әдістемелік негіздерін айқындаудың көкейкестілігін танытады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет