Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту



бет10/10
Дата09.06.2023
өлшемі218,5 Kb.
#100230
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қорытынды

Зерттеу нәтижелерін қорытындылай келе мынадай тұжырымдар жасалды:


Әлемдік білім кеңістігіндегі егемен елдің болашағы кәсiби даярлығы жоғары, еңбек нарығының қатаң талаптары жағдайында еңбек етуге қабiлеттi мамандарды даярлауды талап ететіндіктен, жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту студенттердің тұлғалық қасиеттерін шыңдаумен байланысты. Сондықтан болашақ филолог мамандарды дайындауда қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту екі бағыттың тұстастықта іске асырылуын қажет етеді. Бұл орайда синтаксисті қатысымдық тұрғыдан оқыту оны басқа ғылым салаларымен байланыста игеруге, қатысымдық бірліктердің мәнін айқындауға, оның синтаксисті оқытуда алатын орнын зерделеуге, алған білімдерін сөйлесім әрекеті арқылы іске асыруға мүмкіндік береді. Синтаксисті танымдық тұрғыдан оқыту студенттің танымдық әрекетін жетілдіреді және танымдық іскерлігін қалыптастыруға көмектеседі.
Тіл білімінің синтаксис саласын оқытудың маңызы біріншіден, тілдік бірліктердің қолданылу дәрежесін айқындайды; екіншіден, студенттердің сөйлеу қабілеті мен дағдысын жетілдіреді; үшіншіден, синтаксистік бірліктерді қарым-қатынас құралы ретінде танытады. Осыған сәйкес кредиттік оқу жүйесіне негізделген «Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту» бағдарламасының жобасы ұсынылды. Жоба білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялардың талаптарына сай дайындалды. Жобаның мақсаты мен міндеті синтаксистік бірліктердің зерттелу тарихын, мағынасы мен айырмашылығын, өзіндік ерекшеліктерін, атқаратын қызметін және синтаксис саласына қатысты даулы мәселелерді талдауды көздейді.
Синтаксистегі өзекті мәселелерді қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту барысында кәсіби-қатысымдық, антропоөзектілік, креативтілік, нәтижеге бағдарлай оқыту ұстанымдарын басшылыққа алу білім мазмұнын анықтауға мен студенттердің тұлғалық ерекшелігін айқындауға мүмкіндік береді.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі



  1. Ахмет Байтұрсынов. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 21-142 бб.

  2. Жұбанов Қ. О формах сочетания слова на казахском языке. – Алматы: Ғылым, 1966. – 50 б.

  3. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. – Алматы: Санат, 1994. – 16 б.

  4. Балақаев М. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту. – Алматы: Мектеп, 1989. – 4 -68 -75 бб.

  5. Ұйықбаев И.Қ және т.б. Қазақ тілі методикасының мәселелері. – Алматы: Мектеп, 1968. – 65 б.

  6. Әлімжанов Д. Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы: Мектеп, 1965. – 66 б.

  7. Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі методикасының негіздері. –Алматы: -1969. – 212-260 бб.

  8. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. – Алматы, 2004. – 5 б.

  9. Оразбаева Ф. Тіл әлемі. Мақалалар зерттеулер. – Алматы:Ан арыс, 2009. – 102- бб.

  10. Манкееева Ж.А. Қ.Жұбановтың ғылыми мұраларының академиялық танымы хақында // «Жұбанов тағылымы»: VI халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Ақтөбе, 2005. – 90-93 бб.

  11. Маслова В.А. Лингвокультурология: учебное пособие для студентов высших учебных заведениий. – Москва, 2001. – 30 с.

  12. Оразалиева Э. Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы. – Алматы: Ан Арыс, 2006. – 201-264 бб.

  13. Г.Қосымова. Шешендік өнердің негіздері. – Алматы: Баянжүрек, 2007.– 201 б.

  14. Манкеева М. Ұлт тұғыры – тілде // «Этнос және тіл»: Академик Ә.Қайдардың 85 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2009. –15-19 бб.

  15. Ә. Әлметова. Сұхбаттасу мәдениеті. – Алматы: Толағай, 2007. – 131-178-191 бб.

  16. Ананьев Б.Г.Психология и проблемы человекознания. – Москва : МОДЭК, 2005.

  17. Жарықбаев Қ. Психология. – Алматы: Білім, 1993.– 255 б.

  18. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Рауан, 1993. – 7 б.

  19. Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1986.–107 б.

  20. Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері.– Алматы: ҚазМем.баспасы, 1962. – 45б.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет