Синтаксистік парадигмалар


сандық  қатынаста,  яғни,  анықтауыштық,  пысықтауыштық  жəне



Pdf көрінісі
бет9/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

сандық  қатынаста,  яғни,  анықтауыштық,  пысықтауыштық  жəне 


16
17
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
толықтауыштық қатынаста тұрады. Ал предикативтік қатынас, яғни 
бастауыш-баяндауыштық қатынас, сөз тіркесін жасауға қатыспайды, ол 
– сөйлемге тəн қатынас. Кейбір практикалық жаттығу тапсырмаларын-
да  кездесіп  қалатын  «Предикативтік  сөз  тіркесі»  деген  түсінік – қай-
шылықты  түсінік.  Сөз  тіркесінде  предикативтік  қатынас  бар  деп  қарау 
– сөз тіркесін сөйлеммен теңестіріп, екеуін ажыратпай қарау деген сөз. 
Мысалы: 1. кең жайлау; 2. жоғары көтерілу; 3. үлкенді құрметтеу; 4. 
қалаға бару деген сөз тіркестерінің 1-шісі атрибутивтік-анықтауыштық 
қатынасқа  (анықтауыш  заттың  сипаты), 2-шісі  атрибутивтік-пысықта-
уыштық  қатынасқа  (пысықтауыш  қимылдың  сипаты)  құрылса, 3-шісін 
үйлестіріп  тұрған – нысандық-толықтауыштық  қатынас  болса, 4-шісін 
үйлестіріп  тұрған – нысандық-пысықтауыштық  қатынас.  Ал  «Жайлау 
кең» дейтін болсақ «кең» «жайлаудың» сипаты болғанмен, предикативтік 
қатынастағы сипаты болып шыға келеді, демек, бұл тіркес сөйлемге ай-
налып шыға келеді.
4. Қазақ тілінде сөздердің байланысуының төрт тəсілі бар екені бел-
гілі:  орын  тəртібі,  қосымша  (жалғау),  көмекші  сөз  (шылау)  жəне  инто-
нация. Сөз тіркесіндегі сөз формалары байланысудың орын тəртібі, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет