Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет142/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   374
2.5 Күрделенген сөйлемдер
Дəстүрлі  грамматикада  күрделенген  сөйлемдерге  айқындауышты, 
қыстырмалы,  қыстырындылы  сөйлемдерді,  көсемше,  есімше,  қарат-
па  оралымдары  бар,  бірыңғай  мүшелері  бар  сөйлемдерді  жатқызады 
[1]. Күрделенген сөйлемдерді қазақ тіл ғылымының айналысына енгіз-
ген  профессор  Қ.Есенов  сабақтастың  бағыныңқы  сыңарынан  сөйлемді 
күрделендіріп тұрған бөлікті ұқсастыра əрі ажырата тану үшін «тəуелді 
конструкция»  деген  ұғымды  қолдануды  дұрыс  көреді [2]. Сонда,  күр-
деленген  сөйлем  дегеніміз – түрлі  құралымдармен  күрделеніп  тұратын 
сөйлемдер,  мұның  жай  сөйлем  заңдылықтарынан  айрықша  бөліп  алар 
заңдылықтары байқалмайды, жай сөйлем синтаксисіндегі жайылма сөй-
лемге қатысты айтылатын қағидалар мұндай сөйлемдерге де қолданыла 
береді.
Бұл еңбекте күрделенген сөйлем жалпы синтаксистік теория бойын-
ша  жартылай  предикативтілікке  негізделіп  əрі  контекст  мəнділіктеріне 
сүйеніп ұсынылады, ал күрделенген сөйлем туралы дəстүрлі қағидалар-
ды тақырып соңында берілетін еңбектерден оқуды ұсынамыз. 
Жоғарыда  көрсетілгендей,  күрделенген  сөйлемді  жай  сөйлем  мен 
құрмалас  сөйлемнің  арасындағы  ауыспалы  деңгей  деп  қарастыратын 
болсақ (яғни, жай сөйлемнің күрделеніп құрмаласқа қарай ойысып бара
жатыр  деп  қарасақ),  оның  күрделеніп  тұрған  бөлігінің  предикативтелу 
шамасын ескеруіміз қажет болады. Бұл шама – жартылай шама. Мысалы,
«Асқар келгенде, мен үйде жоқ едім» деген сөйлемде екі предикативтілік 
бар, осының бірінші сыңарының бастауышын контекстегі басқа сөйлемге 
жылжытып жіберіп Келгенде, мен үйде жоқ едім, десек, бірінші тəуелді 
конструкцияның предикативтелуі жартыкештеніп шыға келеді. 
Күрделенген  сөйлемнің  синтаксистік  мағынасы  қосымша  предика-
тивтілікте, яғни толық предикативті сөйлем жартылай предикативтел-
ген  құралым  арқылы  қосымша  предикативтілікті  қосып  алып  күрде-
ленеді.  Қосымша  предикативтілік,  мұны  арнайы  зерттеген  мамандар-
дың  көрсетуінше,  предикативтілікпен  сəйкесетін,  бірақ  сөйлем  құрай 
алмайтын синтаксистік мағына. Орыс тілі синтаксисінде [3, 4 б.] күр-
деленген сөйлемдегі қосымша предикативтілік екі түрде болады: тура 
жəне  жанама.  Тура  қосымша  предикативтілік  жартылай  жəне  етістік-
ті  болып,  жанама  қосымша  предикативтілік  бүркеме  жəне  ашық  бо-
лып бөлінеді [3, 15 б.]. Синтаксистік жағынан мүшеленетіндігі, қаты-
сым  əрекетінде  затқа  телінетін  белгі  ретіндегі  мағынасы  болатыны, 
содан  келіп  модальдік-шақтық  жосық  болатыны  жартылай  предика-
тивтілікті  толық  предикативтілікпен  біріктіреді.  Жартылай  предика-


150
151
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
тивті  бөлік  сөйлемге  тұрлаусыз  мүше  хұқында  енгізілген  баяндауыш 
сияқты.  А.Ф.Прияткина  көрсеткендей,  етістіктің  ықпалымен  бола-
тын  қосымша  предикативтіліктің  жартылай  предикативтіліктен  айыр-
машылығы аз, айырмашылығы сол – мұнда субъектінің белгісі (преди-
кат) етістікпен беріледі. Бүркеме предикативтілікте субъект-предикат-
тық қатынас айқын көрінбейді. Ал ашық предикативтілікте бұл қатынас 
қайталау арқылы жанама көрініс тауып, күрделенген сөйлемді құрма-
ласпен шектестіреді [3, 21-27 бб.].
Көрініп  тұрғандай,  субъект-предикаттық  қатынастың  межелеуіштік 
сипаты сабақтас құрмаластың бағыныңқы сыңарынан ғана емес, күрде-
ленген сөйлемдегі тəуелді бөліктен де талап етіледі, тек екеуіндегі талап-
та өзгешелік бар. Ол өзгешелікті айқындайтын – контекст (Бағыныңқы 
немесе тəуелді сыңарды анықтауда контексті қолдану əзірше синтаксис 
теориясына енген жоқ. – Ж.Ж.).
Түсіндіріп көрейік. Кейбір күрделенген сөйлемдердегі тəуелді конс-
трукцияның  субъектісі  сол  сөйлем  ішінен  табылмайды,  бірақ  оны  кон-
текст аясынан я контекс ықпалымен анықтаймыз, ол сөйлеу жағдаятына 
орай я көмес тұрады, я мəтіндегі басқа сөйлемде көрінеу қатысып тұра-
ды. Осындай құралымдағы предикативтену толық емес, жартылай я қо-
сымша болып табылады. Сондықтан күрделенген сөйлемдегі жартылай 
(қосымша) предикативтілікке мынадай өзгертулер енгізген жөн: жарты-
лай предикативтілік жағдайында тəуелді құрылымның есімше, көсемше 
арқылы беріліп тұрған қимыл-əрекеттің я күй-қалыптың иесі (субъектісі) 
сол сөйлемнің өз ішінен табылмайды, жағдаяттан білініп тұрады немесе
мəтіндегі басқа тұста қатысып тұрады. Ал мұндай тəуелді конструкция-
ның  субъектісі  сөйлем  ішінде  болса,  онда  тəуелді  оралым  субъектінің 
белгісінің белгісі болып келеді я болмаса субъектінің бірыңғай я əрыңғай 
предикаты болады. Мұндайда күрделену емес «жайылмалық» алға тар-
тылады. Мəселен, дəстүр бойынша, Есікті ашып жіберіп Сайдалы мал-
ды шығара бастады. Тамақ ішіп жайланған соң Сайдалы əңгіме баста-
ды  деген  сөйлемдер  күрделенген  болып  саналады.  Көрініп  тұрғандай 
бұл  сөйлемдердегі  тəуелді  құралымдар  (Есікті  ашып  жіберіп;  Тамақ 
ішіп жайланған соңСайдалы субъектісінің предикатынан гөрі, шығара 
бастады,  бастады  баяндауыштарының  пысықтауыштары  (яғни,  субъек-
тінің белгісінің белгісі).
Егер бір субъектінің əр белгісін бір предикат деп білсек, онда бір жай 
сөйлемнің  ішіне  бірнеше  сөйлемді  тықпалаған  болып  шығамыз.  Ой-
лау  үрдісі  қашанда  ықшамдылыққа  талпынады.  Олай  болса,  қосымша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет