Екеуінің əкесі – бір, шешесі – бір. Екеуін бөле-жарар ештеңе жоқ.
Туған бауыр бола отырып, мұндай жүзі қарсы адамдарды көрген жоқпын (С.Түгелбаев).
Қарсылықты бағыныңқы тек -ып, -іп, -п жұрнақты көсемшемен ғана
емес, оның баяндауышы есімшенің көмектес септігіндегі тұлғасымен
де, тиянақсыз көсемшемен де жасала беретіні белгілі, осы қатынасқа
құрылған күрделенген сөйлемнен де осыны көруге болады. Оған көз
жету үшін жоғарыдағы бағыныңқының орнына мына нұсқаларды қойып
көрсеңіз, қарсылықты мағынаның өзгермегенін байқайсыз: «туған ба-