Синтаксистік парадигмалар


кашин мен Ли-Шансың – төртеуі



Pdf көрінісі
бет145/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

кашин мен Ли-Шансың – төртеуі екенін байқауға болады. Күрделен-
ген сөйлем бөліктері мезгілдік қатынасқа құрылған. 3-мысалдың айыр-
машылығы сонда, мұнда субъект (бастауыш) Зəки тұрған сөйлеммен күр-
деленген сөйлемнің бағыныңқы бөлігі Кейде бір қымызға бөртіп алған 
тұстарда гармонды құлашын кере құйқылжытқанда арасына сөйлем 
салып алшақ тұр.
Келесі  мысалда  тəуелді  конструкция  -гелі  жұрнақты  көсемшеден 
жасалған, күрделенген сөйлем бөліктерінің арасында мезгілдік қатынас 
бар: Ораз – əңгімеші адам. Оның айтуынша, əкесі Қаша да аңшы екен. 
Ес білгелі, əкесінің қасына еріп аңшылықты оның аң аулау туралы нелер 
тамаша əңгімелері болады (С.Мұқанов). 
Тұтас  мəтіндерде  предикаттық  қызметтегі  бағыныңқы  конструкция-
ны субъектіден орын жағынан тіпті алшақтатып келесі абзацқа көшіріп 
жіберу де кездеседі. Мысалы (асты сызылғандар – субъект-предикаттық 
қатынастағы бірліктер):
1. Демежан бұл арада Шихалдаймен тəжікелесіп отырғысы келмеді. 
Қағазды өзіне қайтарып берді де:
– Бұл мəселені əлі анықтау керек. Бəлкім бұл жоғарғы ұлықтан кел-
ген пəрмен емес, халдайлардың ойлап тауып жүрген қитұрқысы ма, кім 
білсін. Алдымен Ши-амбының алдынан өтпей тұрып, салық жинап ша-
былатын жайымыз жоқ, - деп орнынан тұрды да жүре берді. 
Көшеге  шыққанда,  бетін  əлдене  шалып  кеткендей  болды  (Қ.Жұ-
маділов).
2.  Жолаушылар  түс  ауа  Боздақтың  кең  жазығына  ілінген  соң-ақ, 
əр тұста жайылып жатқан ақтылы қой, алалы жылқы, суат бойлап 
қонған шоғыр-шоғыр ауылдар ұшыраса бастады. Əр ауылдың тұсынан 
өткен  сайын,  үлкен-кішілі  түгел  сыртқа  шығып,  бұл  өңірде  бұрын-
ды-соңды болмаған қоңыраулы күймеге таңырқай қарап, біразға дейін 
көздерімен ұзатып салады.
Керімбайдың өз ауылы жылдағы қонысында, Шилібастаудың түбін-
дегі кең қолатта, отыр екен. Кезеңге шыға келгенде, бір ұя қаздың жұ-
мыртқасындай дөңгелене қонған ақ ауыл Демежанның көзіне оттай ба-
сылды (Қ.Жұмаділов). 
Кейде  басқа  сөйлемде  пысықтауыш  тəрізденіп  тұрған  күрделенген 
сөйлемнің бағыныңқы бөлігінің субъектісі алдыңғы контексте атау септі-
гінен басқа пішінде тұрады. Бірақ орамды сөйлеу үстінде оны айтушы 
да, қабылдаушы да ой ағымымен бағыныңқының бастауышының орнына 
қояды. Мысалы:
Бұл кезде Күдеріні қоршаған жастар ортасында Бибі жүр еді. Ат-
танарда, жас жігіттің шылбырын өзі ұстап, күміс ер-тоқымды күрең 
жорғаны көлденең тарта берді (Қ.Жұмаділов).
Бұл мысалда 2-күрделенген сөйлемдегі «Аттанарда» сөзінің субъ-
ектісі  «Күдері» 1-сөйлемде  тура  толықтауыш  қызметінде  тұр.  Жəне 
келесі сөйлемге субъект ретінде қатысып құрылымдық арақатыстыққа 
ықпал жасап, дербес сөйлемдердің тығыз байланысын қамтамасыз етіп 
тұр Келесі мысалдар да осы сипатта, тек бұндағы тəуелді конструкция 
өткен  шақтық  есімшеге  -ша, -ше  жұрнағының  жалғануы  арқылы  жа-
салған:


154
155
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
1.  Бұған  бөлінген  екі  адамның  бірі – бұрынырақ  мотоциклмен  киік 
қуып  жүріп  орға  құлап,  қолы  білегінен  өзіне  қарай  орақ  тəрізді  имиіп 
біткен Дəріқұл деген жігіт ағасы да, екіншісі – əскерден келгеннен бері 
политехникалық институтқа екі жыл қатарынан тапсырғанмен түсе 
алмай жүрген балаң жігіт Сейітбек.
2.  Ауылдан  қозы  көш  жердегі  бейіт  басына  жетіп,  жұмысқа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет