238
239
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
тынды жасайды [70, 163 б.]. Расында да мезгіл мəнді құрмаластар мен
ыңғайлас мəнді құрмаластардың өзіндік семантикалық ерекшеліктері
бар. Мезгіл мəнді құрмаластарда белгілі бір уақыт кеңістігіне тəуелді
оқиғалар баяндалса, ыңғайлас құрмаластарда бірінші кезекке компо-
ненттерде баяндалатын іс-оқиғалардың тектестігі, ыңғайластығы шыға-
рылады. Қазіргі грамматикаларда үлестес сабақтас деп аталып жүрген
құрмаластың да табиғаты ыңғайлас салаласқа жақын. Айырмашылығы
– байланысу формасында. Кезінде «ыңғайлас сабақтас» деп аталған бұл
сөйлемдердің терминдік атауының өзгеруіне, біріншіден, ыңғайлас жəне
мезгілдес салаластардың топтастырылуы, соның нəтижесінде бұл топ-
тағы сөйлемдердің семантикалық айырмашылығының артуы, екіншіден,
кезінде С.Аманжолов ұсынған «үлестес» атауының да осы сөйлемнің та-
биғатына жақын келуіне байланысты болса керек. Сондықтан ыңғайлас
салаластар мен үлестес сабақтастарды топтастырып, байланысу форма-
сы жағынан болмаса, семантика-грамматикалық табиғаты бірдей мұндай
сөйлемдерді ыңғайлас мəнді құрмаластар ретінде қарауды негізсіз деп
есептемейміз.
Функционалдық аспект негізінде теңдік қатынастағы құрмаласқа
жататын бұл құрылымның компоненттері, жоғарыда айтылғандай, са-
лаласа да, сабақтаса да байланысады. Мұндай сөйлемдерде мағыналық
ыңғайластықты білдіру үшін «ыңғайлас» терминінің мəнін ашатындай,
əр компонентте сөйлем мүшелерінің біртектестігі, жұптаса, үйлесе қол-
данылуы орын алады:
1) Синтаксистік параллелизм арқылы жасалады, дəлірек айтсақ, ком-
поненттері бірдей құрылымда келеді. Мысалы:
Табыс та бар, мақсат та
мол («Қазақ əдебиеті»).
Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ
жаулық.
2) Компонент бастауышы бір сөздің қайталануы не бір-біріне жұп,
сыңар құрайтын сөздердің əр компонентте келуі арқылы жасалады. Мы-
салы:
Көмейде бір ғана қақпақ бар, оның өзі əрқалай ашылады (Қ.Мырза
Əли).
Жігіттер көкпарға жиналса, қыздар көңіл көтермекке ыңғайлан-
ды. Олардың бірі етіктерін киіп, бірі етіктерін шұлғауланып жатқан
(С.Жүнісов).
3) Екі компоненттегі баяндауыш бір сөздің қайталануы арқылы, не
аналогия, антитеза арқылы жасалған сөзден, не бірдей етіс, шақ тұлға-
сында келеді.
Мысалы:
Жер астында жел де жоқ, тілін соза қызара жылтыраған
май шамнан басқа жарық та жоқ (Ғ.Мүсірепов).
Ыдыс-аяқ та жаңа,
көрпе-жастық та су жаңа. Аттар желіге байланып, қонақтар үйге кір-
гізілді («Парасат»).
4) Тұрлаулы мүшемен қатар тұрлаусыз мүшелер де бір тұлғада ыңғай-
лас келуі мүмкін.
Сен малыңды алға тартасың, бұлар ағайындығын айтады («Ел ау-
зынан»).
Өзім ауылда балаларға қараймын, əйел қалада базарда сауда
жасайды («Қазақ əдебиеті»).
5) Компоненттердегі ой, оқиға желісінің ыңғайластығы. Мысалы:
Дүниежүзіне тарыдай шашылған курдтердің басынан кешкен қай-
ғы-қасіреті аз емес, көптеген елдерде олардың кемсітушілікке, езгіге,
шетқақпайға ұшырағаны белгілі («Қазақ əдебиеті»).
Жақсының жақ-
сылығын айт, нұры тасысын (Мақал).
Балалы үй базар ғой, солардың
қызығын көріп отырмыз («Парасат»).
Музыка да, ырғақ та жүрек шы-
мырлатып, шынайы өнер салтанат құрды («Қазақ əдебиеті»).
6) Компоненттерінде есімдіктер жұбының келуі арқылы. Мысалы:
Қай ауылда қыз көп, серіні содан ізде (Қ.Мырза Əли).
Қай жерің
ауырса, жаның сол жерде. Ашу қайда болса, ақылың сонда барсын.
Ыңғайлас сабақтастардың баяндауыштары көсемшенің
-ып, -іп, -п
жұрнақтары, шартты райдың
-са, -се жұрнақтары арқылы жасалса, сала-
ластарды формалық ерекшелігіне қарап ажырату қиын, десе де олардың
басым көпшілігі есім баяндауыштарға негізделеді. Мұндай сөйлемдерде
жоғарыда аталған құрылымдық ерекшеліктердің біреуі келуі де немесе
бірнешеуі қатар қолданылуы да мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: