Синтаксистік парадигмалар


Адвербиалдық  (пысықтауыштық)  қатынастағы  құрмалас  сөй-



Pdf көрінісі
бет202/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Адвербиалдық  (пысықтауыштық)  қатынастағы  құрмалас  сөй-
лемдер. Қазақ тіл білімінде адвербиалдық қатынастағы құрмаластардың 
бар  екендігі  бұрыннан  айтылып  жүр.  Ғалым  Қ.Есенов  құрмаластарды 
функционалды принцип негізінде сөйлем мүшелері ыңғайында топтасты-
ру А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев еңбектерінен 
орын алғанын айта келіп, қазақ тіліндегі бағыныңқы сөйлемдердің дені 
өз басыңқыларымен қарым-қатынасына орай пысықтауыштық ыңғайда 
жұмсалатынын көрсеткен еді [8, 72-73 бб.].
Адвербиалдық  қатынасқа  құрылатын,  негізінен,  сабақтас  құрма-
ластар. 
Бағыныңқылы  сөйлемдер  ішінде  пысықтауыш  бағыныңқылар  жай 
сөйлем ішіндегі етістік пысықтауыштың күрделенуі, кеңеюі арқылы пай-
да  болған  деген  болжамдар  да  бар.  Пысықтауыштардың  бағыныңқыға 
ауысуы  олардың  сөйлем  басында  қолданылып,  басқа  мүшелер  арқылы 
күрделенуі  нəтижесінде  пайда  болғандығын  синтаксистік  деривация 
процесі  арқылы  түсіндіретін  зерттеу  жұмыстары  бар.  Олардың  ішінен 
Б.Қапалбековтің ,,Көсемше  бағыныңқылардың  дамып  қалыптасуы  мен 
мағыналық түрлері» (2000) жəне Т.Жукеевтің «Қазақ тіліндегі пысықта-
уыш мүшеге қатысты синкретикалық құбылыстар» (2005) жұмыстарын 
айрықша атап өтуге болады.
Айтылған  пікірдің  шындыққа  жанасымдылығын  сабақтас  құрма-
ластың  жай  сөйлемнің  бір  мүшесінен  өрбу  механизмін  деривациялық 
үдеріс арқылы көз жеткізуге болады:
Келгендер шығып кетті.
Келгендер бұл үйден шығып кетті.
Келгендер бұл үйден тез шығып кетті.
Келгендер бұл үйге кіргенмен, тез шығып кетті.
Келгендер бұл үйге кіргенмен, бəрі де ұзақ отырмай тез шығып кетті.
Бірақ  бұл  адвербиалдық  қатынастағы  құрмаластардың  қалыптасуы-
ның бірден-бір жолы деп тұжырым жасауға болмайды. Тілдік мəнбірлер 
кейбір салалас құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы құрмалас сөйлемдер-
ге ауысуы нəтижесінде де адвербиалдық қатынастағы сөйлемдердің пай-
да болатынын жоққа шығармайды. Мысалы:
Биылғы күз тым жауынды болып, шаруалар шөптерін де мезгілінде 
жиып ала алмады. Қыстың ызғары өтпеу үшін, қоңыз інді терең қаза-
ды (С.Мұқанов). Бай долданып өз сақалын өзі бытырлатып жұлғанда, 
тұла бойым тік тұрды (Ғ.Мұстафин). Айбарша аттанар кезде, Қара-
тай тысқа шығып кеткен-ді (М.Əуезов).
Келтірілген  сөйлемдердің  қалыпты  салаластардан  шыққанына  көз 
жеткізу  қиын  емес.  Биылғы  күз  тым  жауынды  болды,  шаруалар  шөп-
терін де мезгілінде жиып ала алмады. Қоңыз інді терең қазады, өйт-
кені  қыстың  ызғары  өтпейді  (С.Мұқанов).  Бай  долданып  өз  сақалын 
өзі бытырлатып жұлды, менің тұла бойым тік тұрды (Ғ.Мұстафин). 
Айбарша аттанатын уақыт болды, сол кезде Қаратай тысқа шығып 
кеткен-ді (М.Əуезов).
Қазақ  тіл  білімінде  құрмаластарды  жіктеуде  пысықтауыш  бағы-
ныңқылардың бар екендігі бұрын да, қазір де мойындалған, бірақ аталған 
қатынасты тек сабақтастарға ғана телу мəселесі ойлануды қажет етеді. 
Жоғарыдағы салаластардың да адвербиалдық қатынасқа құрылғандығы-
на дау жоқ. Алғашқы компонент пен соңғы компоненттің арасында са-
бақтастардағыдай қатынас бар: 
Неліктен шаруалар шөптерін де мезгілінде жиып ала алмады?
Не себепті қоңыз інді терең қазады?
Қай кезде (қашан?) менің тұла бойым тік тұрды?
Қай кезде Қаратай тысқа шығып кеткен-ді?
Сондықтан  адвербиалдық  қатынастағы  құрылымдар  тек  сабақтас-
тарға  ғана  емес,  салаластарға  да  тəн  деп  қорытынды  жасауға  болады.
Адвербиалдық қатынастың негізінде құрмаластың төмендегідей мағына-
лық түрлері жасалады:
1) Мезгіл мəнді құрмаластар: Көзімді ашып алдыңғы жаққа қарасам, 
екі адам қарауытып тұр екен (Ғ.Мүсірепов). Кəлен суық қабақ астынан
шаншыла  қарап  еді  (қашан?),  осы  кезге  дейін  безектеп  болмай  отыр-
ған  Жамал  жым  болды  (Ə.Нұрпейісов).  Біресе  бұлбұл  нақышты,  көп 
ырғақты «Жиырма бесті» созады (қашан?), бірде назды қоңыр, кең ты-
нысты «Жанбота» шығады (М.Əуезов). Хамит сол жақтағы бір терек-


234
235
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
тердің қып-қызыл жапырақтарына телміріп келе жатыр еді (қашан?), 
аты қымсынып қалды (С.Сейфуллин).
2)  Себеп  мəнді  құрмаластар:  Сүйегі  пысық  жылқы  еді  (неліктен?), 
сондықтан қамшы салдырған жоқ (С.Мұқанов). Əңгімемен көмір көбірек 
салынып кетсе керек (неліктен?), тозған арба таяқ тастам жер шыға 
шоңқайып қалды (Ғ.Мұстафин). Үлкенді ұлықтап өскен елміз ғой (нелік-
тен?), ақсақалмен сөз таластырып жатпадым. Ол бір топ үлкендермен 
ел  аралап,  жолаушылап  кеткен  еді,  Ұлжанның  Дулатты  жібермегені 
сол (М.Əуезов). 
3)  Амал  мəнді  құрмаластар:  Басымызға  əңгір  таяқ  ойнатып,  қыр 
соңымызға түсетіндей, Серғазыға не жазып едік (Б.Тілегенов). Жоқ-ау 
мүлде, келін түсіріп, құдағилы болған жалғыз сендей-ақ, əбігерімізді ал-
дың (Қ.Мұхамеджанов).
4)  Мақсат  мəнді  құрмаластар:  Оспан  жұмыс  басына  бармақшы  бо-
лып, Əйгерім мен Ерболды үйден ерте шығады (М.Əуезов). Шынымен 
жаны  ашитын-ашымайтыны  көрінер,  тап  қазір  ток  соққандай  гүрс 
етіп құлайын (Қ.Тоқмырзаұлы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет