3.5.6 Құрмалас сөйлемнің функционалды-семантикалық түрлері Соңғы жылдары тілді тұтас жүйе ретінде қарау, жеке тілдік элемент-
терден гөрі ірі санаттарды қарау үрдіске айналды. Бұл, шындығында да,
тіл деп аталатын тұтас жүйені бөлшектеп, контекстен сөйлемді, сөй-
лемнен тіркесті, тіркестен жеке сөзді бөліп қараудың ойдағыдай нəтиже
бермейтіндігінен туындаған қадам. Бұл мəселе құрмалас сөйлемдер син-
таксисіне де қатысты. Біз бұл еңбекте қазақ тіл білімінде құрылымдық
грамматиканың ықпалымен салалас, сабақтас деп аталатын байланыс
аясында бөлек-бөлек қарастырылып келген сөйлемдерді алдымен мағы-
на ортақтығына қарай топтап, содан кейін ортақ мағына негізінде сол
мағынаны беретін тілдік тұлғаларға тоқталуды қажет деп таптық. Өйт-
кені «...тілдердің негізгі қасиеттері, өзіне тəн ерекшеліктері тек қана бір
тұтастық жүйеде ғана айқын көрінеді» [69, 49 б.].