246
247
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Байланыстырушы баяндауыш алды болды құрамындағы көмекші
етістік болғаны (болған-ы) формасында жүре алады.
Сөзіңе болайын! Қыста балықта қауқар қала ма? Жаңғыз кеңге-
ге ілінсе болғаны, тырп етпейді (Ə.Нұрпейісов). Алды болды сияқты
етістіктік баяндауыштың қолдануы грамматикалық форманың мезгілдік
мағынасын өзгертеді.
3) Жай сөйлемдерінің баяндауыштары
осы еді, сол еді деген сөздерден
құралған құрмалас сөйлемдер ерекше құрылымдық-семантикалық түр-
мен айқындалады. Бұл компонент қимыл уақытын білдіретін о
сы деген
баяндауышы бар жай сөйлемнің нұсқасы болып табылады.
Осы еді, сол
еді баяндауыштары бар жай сөйлемдер уақыт қатынастарын білдіретін
құрмалас сөйлемнің нұсқасы болады:
Аяғымыздың бортқа іліккені сол
еді, машина селкілдеп қозғала берді (Б.Тілегенов).
Келгені сол еді, бас-
тық шақырып кетті. Нұрсұлу бір жаққа баруға жиналып жатқаны сол
еді, телефон шылдыр ете қалды (Қ.Жұмаділов).
Субъективті-етістіктік құрылымдағы сөйлемдер құрмалас сөйлем
жүйесімен баяндауыш ретінде
мұң екен деген сөз жүргенде тығыз бай-
ланыста болады.
Ебейсіннің үйден шығуы мұң екен,
Құдаймен де қарқылдап үйді басы-
на көтере күлді (Ə.Нұрпейісов).
Салалас құрмалас сөйлемдер жүйесінде
сол сол-ақ екен, сол-ақ екен,
сөйткенше болмады деген сентиматикалық тəсілдер арқылы байланыса-
тын сөйлемдер көзге түседі. Мысалы:
Мына жолаушының қарасы көрі-
не бергенде шеткі үйдің бірінен сақ құлақ ақ қаншық шəу етті, сол-ақ
екен əр
үйден он-ондаған ит қаптай шығып... аттылы кісіге ұмтылды
(Ə.Нұрпейісов).
Аталған сентиманттық тəсілдер арқылы байланысқан салалас құр-
малас сөйлемдер қимыл шапшаңдығын білдіреді. Аталған сентимант-
тық тəсілдерді қолдану əртүрлі формадағы жай сөйлемдерді бір жалпы
жүйе құрамына енгізу мүмкіндігін кеңейтеді. Бұндай салалас құрмалас
сөйлемнің құрамына басқа құрылымдық-грамматикалық уақыт мағына-
сындағы түрлерде байқалмайтын риторикалық сұрақтар кіреді. Мысалы:
Жантаев қызуланып... наганын суырып алмасын ба, сол сол-ақ екен он
шақты жігіт Жантаевқа винтовкесін төсеп тұра қалды (Б.Майлин)
[39, 146-149 бб.].
Бұдан байқағанымыздай, ауызекі сөйлеу тілі мезгілдік мəн берудің
амал-тəсілдері молдығымен ерекшеленеді. Жалпы мезгіл мəнді құрма-
ластарды жасауда өткен шақ формасының қызметі ерекше. Жоғарыдағы
айтылған
ақ демеулігінің,
болды көмекші етістігінің баяндауыш құра-
мында келіп, мезгілдік мəн білдіруі өзінің алдындағы өткен шақ форма-
сындағы сөзбен тіркесуіне жəне осы етістік формасының өзі өткен шақта
тұруына тікелей байланысты. Сөзіміз дəлелді болу үшін, жоғарыдағы
сөйлемнің баяндауыш формасына шақ жағынан өзгеріс енгізіп көрейік:
От жақпа. Жағар болсаң, шыбын-шіркей қаптап кетеді. Немесе өткен
шақ формасындағы көмекші етістікті сөйлем құрамынан алып тастайық:
Жаңғыз кеңгеге ілінсе, тырп етпейді. Компоненттер арасында мезгілдік
мəн жоқ, шарттық мəн басым сипат алып тұр.
Ал
осы еді, сол еді, мұң екен, сол сол-ақ екен, сөйткенше болмады
тіркесімдерінде өзіне қатысты іс-əрекет, жай-күйдің сол мезетте орын-
далуын білдіру мəні бар. Кейде ықшамдалып та қолданылатын бұл мəн
компоненттер арасында түзілетін мағыналық қатынасқа да өз əсерін ти-
гізері сөзсіз. Мысалы:
Шайды алдына жаңа қойып, «бісмілдəні» келтір-
гені сол еді, Мамырбайдың бір малайы жетіп келді (М.Дулатов).
Қайта
келіп, суық көрдей үйіне еніп, көне қобызды сөйлеткені сол – дүм-дүние
өзгеріп сала берді (Д.Досжан).
Сондықтан мезгіл мəнді құрмаластарды жасауда өткен шақ пен осы
шақ тұлғаларының жəне лексикалық корреляттардың басым рөл атқара-
тындығын айтуымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: