252
253
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
нентте оның тыңдаушыға қатысты əрекеті емес, сөйлеуші тарапынан
тыңдаушыға нұсқау беріледі. Мысалы:
Адамың келе ме, соны айтсаңшы
(А.Нұрманов).
Не мұқтажыңыз бар, соны айтыңыз (А.Нұрманов).
Егер
алғашқы компонент тілек, жалыныш мəнінде болса, екінші компонент
соған итермелеген жағдайды түсіндіреді. Мысалы:
Аясайшы, бейуаз ек
қой (Ж.Аймауытов).
– Келсейші, бөтенситін жат емессің ғой («Қазақ
əдебиеті»).
Егер мұндай сөйлемдердің екінші компонентін өзгертсек, сөз
жоқ, мағыналық қатынас та өзгереді:
Адамың келе ме, күтейік. Не
мұқтажыңыз бар, көмектесейік. Аясайшы, мен де өзіңдей бейуаз ем ғой.
Келсейші, шай ішейік. Өзгерген компоненттер алғашқы компонентпен
түсіндірмелі мəнде емес, ыңғайластық мəнде тұр.
Түсіндірмелі мəндегі сөйлемдердің арасындағы функционалдық
қатынастардың түзілуіне төмендегі жайттар себеп болады: компо-
ненттердің біріндегі нысан екіншісінде кеңейтіле баяндалады немесе
екінші компонент бірінші компоненттегі кез келген сөйлем мүшесін
түсіндіреді, толықтырады не анықтай түседі, нəтижесінде компонент-
тер арасында субъект-предикаттық, нысандық не атрибутивтік қатынас
түзіледі:
1) Субъект-предикаттық қатынастағы құрмаластарда сілтеу есімдігі-
нен, өзге де есім сөздерден жасалған бастауыш не баяндауыштың мəні
келесі компонентте ашылады.
Байлам мынау: ертең Темірлан жұртын
стадионға митингке шақырамыз // Мынау байламымыз: ертең Темірлан
жұртын стадионға митингке шақырамыз (О.Бодықов).
2) Субъект-предикаттық қатынастағы құрмаластарда етістіктен жа-
салған баяндауыш арқылы субъектіге (не субъектілерге) келесі компо-
нентте нақтылы ұсыныс, ескертпе берілуі мүмкін. Мысалы:
Есіңде бол-
сын, бастық екі айттырғанды ұнатпайды (С.Сарғасқаев).
3) Нысандық қатынастағы құрмаластарда алғашқы сөйлемдегі субъ-
ектінің ойлау, қабылдау не сөйлеу мазмұнын аша түседі. Мұндайда
алғашқы сөйлемнің баяндауышы негізінен тура нысанды қажет ететін
сабақты етістіктерден жасалады. Мысалы:
Жұрттан естідім, неше сиыр-
ды сойыпты (М.Қожахметова).
Кластағы белсенділерге айт, мені ком-
сомол жиналысына салсын, талқыласын, түзетуге тырыссын (М.Ай-
ымбетов).
4) Атрибутивтік, нысандық қатынастағы түсіндірмелі мəндегі құрма-
ластардың алғашқы компонентінде атрибуттық не нысандық мəндегі сіл-
теу есімдігі жұмсалады:
Лаура, Қуат, мен – үшеуміздің ойлап-ойлап тап-
қанымыз, əрі сөз байласқан мынадай уəдеміз болды: жаз бойы пионер
лагеріне бармай, Молдабаевтың күнделігіне байланысты іздеу, анықтау
жұмыстарын өздеріміз жүргіземіз (М.Айымбетов).
Мынаған мəн беру
керек: отаншылдық құр ұранға айналмасын («Ана тілі»).
5) Атрибутивтік қатынастағы түсіндірмелі мəндегі құрмаластарда
екінші компонент бірінші компоненттегі бір мүшені, көбінесе, бастауыш
пен толықтауышты анықтайды. Мысалы:
Сөзімізде тұрайық: біріміз
бəріміз үшін! (С.Сарғасқаев).
Дүние шіркін қолдың кірі секілді емес пе:
жусаң, кетеді.
Түсіндірмелі мəндегі құрмаластардың тілдік қолданыстағы жұмса-
лымдық ерекшелігі ретінде мынаны көрсетуге болады: қандай қатынас-
тағы болмасын жалпы түсіндірмелі мəн білдірудің орталық өзегінде
аналитикалық-синтетикалық тəсіл тұрады, өйткені қандай формада тұр-
масын, түсіндірілетін компонент бұрын, түсіндіретін компонент кейін
тұрады. Содан кейінгі орынға сілтеу есімдіктері ие болады, ал сөз тапта-
ры мен сөйлем мүшелеріне қатысты алғандағы белгілері онымен салыс-
тырғанда шеткері аймақта орын алатыны сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: