256
257
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Бақбергеннің мүлде күйіп кеткені ғой, орнынан ұшып тұрды (Б.Май-
лин).
Көңілсіз берген батада баян болушы ма еді, Марат екеуміз екі ай бекер
арамтер болғанбыз (Ж.Ерманов). Көп ұйықтағандікі ме, басым ауырып
тұр (С.Мұратбеков). Түні бойы жол жүріп шаршаған емес пе, демалып
жатыр (С.Мұратбеков). Ұлық болсын да, айтқанын істемесін (Қ.Саты-
балдин) [78, 150-153 бб.].
Бір ғана құрмалас сөйлемнің бойында бір мезетте бірнеше екі түрлі
қатынастың орын алатын жағдайлары болатынын С.А.Шувалова тілдік
материалдар негізінде дəлелдейді [76, 30 б.]. Бұл жайтты қазақ тілінде-
гі тілдік айғақтар да дəлелдейді. Мысалы, шартты рай тұлғасы арқылы
себептік мəннің де, шарт мəнінің де берілетінін кезінде М.Балақаев та
көрсеткен еді [79, 47 б.]. С.Тажибаева себеп мəнді сөйлемдердің мағы-
насы жағынан шартты, қарсылықты, мақсат мəнді сөйлемдерге жақын
келетіндігін нақтылайды [47, 147-149 бб.]. Себеп-салдарлық мағына
мезгілдік, мақсаттық, шарттық, амалдық, мөлшерлік мəндермен қабатта-
сып келе беретіндігін М.Төлеуп көрсеткен болатын [48, 129 б.]. Мұның
өзі тілдік құбылыстардың бір-бірімен тығыз байланысын дəлелдей түссе
керек.
Достарыңызбен бөлісу: