Синтаксистік парадигмалар


Салыстырма  мəндегі  құрмаластар



Pdf көрінісі
бет216/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Салыстырма  мəндегі  құрмаластар.  Қазақ  тіл  білімінде  «сын  пы-
сықтауыш  бағыныңқылы» (А.Байтұрсынұлы), «шақтас  бағыныңқы» 
(Қ.Жұбанов), «ұқсасты  сабақтас» (С.Аманжолов)  деген  терминдермен 
танылып  келген  салыстырмалы  мəнді  құрмаластың  сабақтаса  байла-
нысқан  түрі  бұрыннан  белгілі  болса,  оның  салаласа  байланысқан  түр-
лерінің  оқулықтар  мен  зерттеулерде  көрсетіле  бастауы  Т.Қордабаев 
есімімен байланысты. Байланыс түрінің əртүрлілігі болмаса, мағына ор-
тақ: қос компонентте айтылған ой бірімен-бірі салыстырыла беріледі.
Салыстыру – объективті  шындықты  адамның  дүниетанымы  мен 
көзқарасы  тұрғысынан  бейнелеу  амалдарының  бірі.  Оның  тілдегі  рөлі 
туралы В.М.Огольцев былай деп жазады: «Салыстыру танымның маңыз-
ды тəсілдерінің бірі болып саналады. Талдау да, жинақтау да, дерексіздік
пен жалпылау да салыстырусыз болуы мүмкін емес. Сол сияқты салыс-
тыру тілдің лексикалық, сөзжасам, фразеология, сөз тіркесі мен сөйлем 
деңгейлері сияқты сан түрлі жəне көптеген қабаттарынан өтеді. Жəне ол 
əрдайым олардың семантикасы мен грамматикалық мəнінің немесе бей-
нелеуіштік функцияларының негізінен орын алады» [82, 16 б.]. Көптеген 
зерттеулерде компаративтілік өрісі, көбінесе, сын есім, оның шырай са-
наты тұрғысынан зерттеледі. Ал бұл құбылыстың сөйлем синтаксисіне, 
оның ішінде құрмалас сөйлемге де қатысы бар.
Жалпы  тілімізде  салыстырудың  екі  түрі  бар:  біріншісі – екі  заттың 
сапасының  салыстырылуы  (Бетегеден  биік,  жусаннан  аласа  жəне  т.б.);
екіншісі – зат сапасын белгілі бір қалыптасқан сапа дəрежесімен салыс-
тыру  (көкшіл,  жастау  жəне  т.б.).  Ғалымдар  оның  алғашқысын  нақты
компаративтер деп, ал екіншісін интенсивтер деп атайды. Олардың өзін-
дік құрылымы болады. Нақты компаративтер 4, ал интенсивтер 3 компо-
ненттен тұрады: 
А – салыстыру заты;
В – салыстыру образы; 
С – салыстыру негізі;
m – салыстыру көрсеткіші [83, 34 б.]. 
Мысалы: Ажарың ашық екен атқан таңдай,
Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай («Гауһартас»). 


260
261
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Бұл жерде:
А – ажарың, көзің;
В – атқан таң, жаққан шам;
С – ашық екен, нұрлы екен;
m - -дай.
Интенсивтерде салыстыру образы болмайды. 
Мысалы: Батыр болар жігіттің дөңдеу келер мұрыны,
Арғымақ  болар  тұлпардың  жебедей  болар  тұлымы  (Мақал-мəтел-
дер). 
Бұл жерде:
А – мұрын, тұлым; 
С – дөң, жебе;
m – -деу, -дей.
З.Ахметжанова  компаративтілік  өрісін  төмендегідей  микроөрістерге 
бөледі. Компаративтерді: нақты компаративтер, интенсивтер деп бөледі 
де, нақты компаративтерді: бөлу, ұқсату; интенсивтерді: сапа, əрекет ин-
тенсивтері деп бөледі [84]. Бұл бөлініс бір компонент ішіндегі компара-
тивтерге  қатысты  алғанда  дұрыс,  дау  туғызбайды,  бірақ  құрмалас  сөй-
лемдегі салыстыру мəнінің өзіндік ерекшеліктері бар.
1) Салыстырмалы мəндегі құрмаластарда бір-біріне антитеза немесе 
аналогия ретінде алынған екі түрлі субъектінің қасиеті, іс-əрекеті, жай-
күйі суреттеледі. Мысалы: 
Жақсы адамның мінезі жібек орамал кепкенше,
Жаман адамның мінезі басы жерге жеткенше (Мақал).
Құлаққа жағар дəмді сөз бар да, құлақты сарсытар, татымсыз сөз 
бар (М.Иманжанов).
2) Салыстыру заты ортақ болуы мүмкін. Жоғарыда келтірілген сөй-
лемдерде салыстыру заты ортақ (мінез, сөз).
3) Сондай-ақ салыстыру заты ретінде екі басқа зат алынуы мүмкін: 
а) Бөлекбастың жүрісі қандай паң болса, сөзі сондай паң (Ə.Əбішев). 
А – салыстыру заты (жүрісі, сөзі); 
В – салыстыру образы (қандай, сондай); 
С – салыстыру негізі (паң).
ə) Қарағайға қарап тал өсер, қатарына қарап бала өсер (Мақал). 
А – салыстыру заты (тал, бала); 
В – салыстыру образы (қарағай, қатары); 
С – салыстыру негізі (өсу).
Мұндайда екі заттың салыстыру көрсеткіші арнайы морфологиялық 
тұлғасыз  берілуі  де  мүмкін,  бірақ  оның  орнын  семантикалық  тəсіл  то-
лықтырады. 
Қазақ тіліндегі салыстырмалы сабақтастарды зерттеген З.Жұмəділова 
оның төмендегідей тəсілдер арқылы жасалатынын көрсетеді:
1)  Корелляттық  жұптасуымен  қатынасқа  түсетін  салыстырмалы  са-
бақтас;
2) Кореллятсыз есім баяндауыш пен «болса» көмекші сөзінің қолда-
нылуы;
3) Етістік баяндауыштардың шартты рай тұлғасы арқылы беріледі;
4) Тиянақсыз баяндауыштың есімше негізді көсемшенің -ғандай фор-
манты арқылы жасалады;
5)  Бағыныңқы  компоненттегі  тиянақсыз  баяндауыш  көсемшенің  -п 
тұлғасы арқылы беріледі;
6) Байланысушы компоненттер шылаулардың дəнекерлігі арқылы са-
бақтаса байланысады;
7)  Тиянақсыз  баяндауыш  етістік  немесе  есім  сөздермен  келіп,  оған 
ұқсас, сияқты, тəрізді көмекші сөздері тіркеседі [85, 21 б.].
Салыстырма мəндегі құрмаластарды жасаушы тəсілдер:
а)  семантика-грамматикалық  тəсілдер  қатарына  есімдік-үстеу  (қан-
ша-сонша, қандай-сондай, қалай-солай) жұптары (корелляттары), лекси-
калық қайталау, ассоциативті синонимдік байланыс, ассоциативті анто-
нимдік байланыс сияқты тəсілдерді жатқызуға болады. Мысалы: Шешесі 
қандай болса, қызы да сондай («Парасат»). Жақсы байқап сөйлер, жа-
ман шайқап сөйлер (мақал). Хақтың жолы – айна, Тақтың жолы – тай-
ғақ (Қ.Мырза Əли). 
Осы тəсілге салыстырмалы мəн туғызушы сияқты, тəрізді, ұқсайды, 
бірдей сөздерін де қосуға болады: Біреуге қарыздар болмасаң, соның өзі 
байлықпен бірдей. 
ə) аналитикалық-синтетикалық тəсілдердің қатарында да, де, та, те, 
ал шылауларының қызметін айтамыз. Бұл жердегі да, де шылауы мезгіл 
мəнді  құрмаластардағыдан  басқаша.  Егер  мезгіл  мəнді  құрмаластарда 
компоненттерде айтылған ой бір-біріне мезгіл жағынан қатысты болса, 
салыстырмалы мəнді құрмаластарда қос компоненттегі Почта-телеграф 
жөнелтілімдері Қазақстан Республикасының шегінде мемлекеттік тіл-
де жөнелтіледі де, республикадан тыс жерлерге белгіленген халықара-
лық ережелерге сəйкес жөнелтіледі. Мен қайта берейін, ал сен ақырын 
күт («Ана тілі»).
б) грамматикалық (синтетикалық) тəсілдері -са, -се шартты рай фор-
масы  мен  -дай, -дей  салыстырмалы  мəндегі  қосымшалардың  препози-
циясы қатысы арқылы жүзеге асады. Кең бөлменің ауасы жетпегендей, 
оның  демі  тарылып  кетті  (С.Мұқанов).  Аяны  құрсаулаған  мылқаулық
болса, бұны құрсаулаған да соған тепе-тең əлдене, дəрменсіздік, жалқау-
лық па, əйтеуір қауіпті дерт (М.Қожахметова).
Салыстырмалы мəндегі құрмаласты жасаудың орталық аймағында се-
мантика-грамматикалық, одан кейін аналитикалық-синтетикалық тəсілдер, 
ал шеткері аймақтан грамматикалық (синтетикалық) тəсілдер орын алады.


262
263
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет