Жұрнақтардың байланысу тəсіліне қатысы.Сөз тіркесі жайлы
жазылған көптеген еңбектерде синтетикалық байланысу тəсіліне жалғау-
ларды жатқызады. Расында, бұл дұрыс та. Бірақ сөз бен сөзді байланыс-
тыруда тек жалғаулар емес, жұрнақтардың да рөлі баршылық. Əсіресе
етістіктің көсемше, шартты рай тұлғаларының рөлі ерекше. Мысалы:
Мен етпеттей жығылдым (Ж.Тəшенов). Мен жүре келекөп нəрсеге түсіндім. Ол күліп сөйледі (I.Есенберлин) сөйлемдеріндегі етпеттей жығылдым, жүре келе түсіндім, күліп сөйледі сөз тіркестеріндегі əрбір
сыңары бір-бірімен көсемшенің -й, -е, -іп жұрнақтары арқылы байланы-
сып тұр. Алайда сөз тіркестеріндегі сөздердің жұрнақтар арқылы байла-
нысу тəсілі жалғаулар арқылы байланысу тəсілдеріндей актив құбылыс
емес. Сонда да біз қазақ тіліндегі синтетикалық байланысу тəсілдерінің
осы бір ерекшелігін ескеріп, оны сөздердің жалғаулар арқылы байланы-
суына қоса жұрнақтар арқылы да байланысу, яғни қосымшалар арқылы
байланысу деп атауды жөн көрдік.