32
33
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
сөздермен түйдекті тіркес кұрай бермей, өздері мағыналық жағынан
қатысты сөздерімен ғана бірлікте жұмсалады. Бұлардың сөз бен сөзді
байланыстырудағы морфологиялық түрленуі біркелкі емес. Егер шылау
сөздер көбіне атау тұлғасында келіп қана жұмсалатын болса, ал қалған
үш тобы əрі нольдік, əрі түрлі жалғаулардың жалғануы арқылы өзгеріп
те отырады. Ал соңғы үш көмекші сөздердің ішінде көбіне жиі ұшырай-
тыны – көмекші есім.
Көмекші есім негізінен көп емес. Оларға:
алды, арты, асты, үсті,
төбесі, жаны, маңы, басы-қасы, тұсы, арасы, іші, сырты, шеті,
түбі, ортасы сияқты сөздер жатады. Бірақ сан жағынан аз болға-
нымен, бұл сөздердің қолданылу өрісі кең. Көмекші есімдер көбіне
негізгі сөзбен тəуелдік жалғауында тұрып байланысады, сөйтіп сөз
тіркесінің бағыныңқы сыңарын кұрайды. Мысалы,
Стол басын-
да сілтідей тына қалды (Ə.Нұрпейісов) – дегенде
стол басында сөз
тіркесінің бірінші сыңары болып тұр. Көмекші есімдерге тəуелдік
жалғауынан кейін түрлі септік жалғаулары жалғану құбылысы да
баршылық. Мысалы,
Баймағамбеттің əңгімесі жаңа басталғанда
бұл екеуінің қастарына Кішкене Молда, Байтоқалар келді (М.Əуезов)
- деген сөйлемдегі
екеуінің қастарына келді көмекші есімді
сөз тіркесі. Мұндағы
қастарына көмекші есімінде көптік, тəуелдік,
септік жалғаулары жалғанып барып,
екеуінің жəне
келді деген екі
негізгі сөздерді байланыстырып тұр. Кейде сөз бен сөзді байланыс-
тыруда модаль сөздердің де қатысы бар. Модаль сөздер көбіне сөз
тіркесінің бағыныңқы сыңарына тіркеседі де, түйдекті тіркес құрай
отырып, ол сөзді басыңқы сөзбен байланыстырады. Мысалы,
Сонан
басқа сөзге сұқтануға бұл сияқты оның да шамасы жетпеді (Ə.Нұр-
пейісов) – дегендегі
бұл сияқты шамасы сөз тіркесінде сияқты мо-
даль сөзі
бұл мен
шамасы деген сөздерді өзара байланыстырып тұр.
Себебі, мұндағы
сияқты сөзін алып тастасақ,
бұл шамасы болып,
өзара ол сөздер тіркеспеген де болар еді. Демек, мұндағы сөздерді
байланыстыруда
сияқты модаль сөзінің рөлі баршылық. Сөз тір-
кесіндегі сөздердің көмекші етістіктер арқылы байланысуы дегенде
көмекші етістіктер тілімізде көп емес екені белгілі. Бірақ саны аз
болса да олардың сөз бен сөзді байланыстыруда өзіндік орны бар.
Əрине, сөз бен сөзді байланыстыру көмекші есімдер сияқты белсен-
ді кұбылыс емес. Дегенмен тілімізде кездесетін бұл да бір құбылыс
екендігі даусыз. Мысалы,
Оның не екенін жүрегің сезіп тұр (Ə.Нұр-
пейісов). Тіліміздегі осындай құбылыстардың барлығын негізге ала
отырып, сөз бен сөзді байланыстырудағы аналитикалық тəсілдің бір
түрі ретінде шылау дегеннің орнына (шылау, көмекші есім, көмекші
етістік, модаль сөздерді жинақтап) жалпы көмекші сөздер деп атауды
жөн көрдік.
Достарыңызбен бөлісу: