Синтаксистік парадигмалар


 Сөздердің байланысу формалары



Pdf көрінісі
бет28/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   374
1.4 Сөздердің байланысу формалары
Сөз  тіркесі  жөнінде  жүйелі  зерттеулердің  қалыптасып  дамыға-
нына  көп  болған  жоқ.  Қазан  төңкерісіне  дейінгі  еңбектерде  тек  сөй-
лем  мүшелерін,  олардың  байланысын,  орын  тəртібін  көбірек  сөз  қыл-
ды  да,  ал  сөз  тіркесіне  байланысты  мəселелер  зерттеу  нысанасына 
алынбады.  Түркі  тілдерінің  сөз  тіркестері  тек  совет  дəуірінде  ғана 
зерттеле  басталды.  Орыс  тілінде  сөз  тіркестерін  тұңғыш  қолға  алған 
В.В.Виноградов  сөз  тіркестерінің  түрлері,  байланыс  формалары  жəне 
олардың  құрылысы  тіл  білімінің  ең  басты  бөлімі  екендігін  айтады.  
 И.П.Мелиоранский «Краткая грамматика казах-киргизского языка» де-
ген  еңбегінде  сөз  тіркесі  туралы  арнайы  тоқталмағанымен, «Простое 
предложение» деген бөлімінде бастауыштың баяндауышпен қиыса бай-
ланысатынын  дұрыс  көрсеткен», – деп  тұжырым  жасайды  зерттеуші 
Н.Түймебаева [16, 10 б.].  Ал  септіктерге  жеке-жеке  тоқтай  келіп,  онда 
əрбір  етістіктің  мағыналық  топтарының  қайсысы  қандай  сөздерді  мең-
геретінін анықтаған. Меңгеру туралы айта келіп, онда үміттену, берілу, 
бағыну, келісу, мақтану, күлу, шыдау, жылау, мұқтаж болу т.б. етістіктер 
барыс жалғаулы сөздерді меңгеретінін дəлелдеген. Ал қабыса байланысу 
туралы ешбір сөз қозғалмайды.
М.Балақаевтың еңбегі түркі тілдерінде сөз тіркестері туралы – бірінші 
туынды, мұнда автор сөз тіркестерінің көптеген теориялық мəселелерін 
жан-жақты ашып берді. Негізінде сөз тіркестері туралы, жалпы түркі тіл 
білімінде,  оның  ішінде  қазақ  тіл  білімінде,  профессор  М.Балақаевтың 
еңбектерінен толық мағлұмат алуға болады. М.Балақаев сөз тіркестерін 
жалпы  есімді,  етістікті  етіп  екіге  бөліп,  оның  əрқайсысының  өзіндік 
ерекшеліктерін  олардың  басыңқы  компоненті  мен  бағыныңқы  компо-
нентінің қандай сөз таптарынан болатындығын жəне ондай кездегі тір-
кесу қабілетін дұрыс қорытындылайды [17, 92 б.]. Сол сияқты автор бұл 
еңбегінде сөз тіркестерінің байланысу формалары мен амалдарын жəне 
олардың синтаксистік қатынастарын сөз етеді. Сөз тіркестерін байланы-
су  формаларына  қарай  қабысу,  қиысу,  меңгеру  жəне  матасу  деп  төртке 
бөліп қарастырады. Осы күнге дейінгі жəне осы кездегі көптеген түркі 
тіліндегі  еңбектерде  байланысу  формаларын  дəл  орыс  тіл  біліміндегі-
дей үшке бөліп берушілік басым болып келеді. Əрине, мұндай жағдайда 
əрбір  тілдің  өзіндік  ерекшелігіне  қарау  керектігі  айқын.  Осы  тұрғыдан 
алғанда  профессор  М.Балақаев  басқа  тілдерге  қарағанда  қазақ  тілінде 
төрт түріне матасу деген байланысу формаларын енгізеді. Мұндай бөлу-
дің өзіндік белгілері мен ерекшеліктеріне сай дұрыс алынуы практикада 
айқын байқалып жүр. 
Қазақ  тілінде  өзара  байланысқан  сөздер  мағынасы  мен  байланысу 
тəсілдеріне қарай: қиысу, меңгеру, матасу, қабысу, жанасу болып бес түр-
ге бөлініп келеді.
Қиысу.  Қиысудың  сөйлем  жасайтыны  жоғарыда  айтылды.  Алай-
да  оның  сөздерді  байланыстыратын  қызметі  болғандықтан  тоқтала 
кету  артық  емес.  Сөздердің  өзара  жіктік  жалғауына  жақтық,  көптік 
жалғауы  арқылы  байланысуы  қиысу  деп  аталады.  Мысалы: 1. Мен 
жаза-мын,  біз  жаза-мыз,  сен  жаза-сың,  сендер  жаза-сыңдар,  сіз 
жаза-сыз, сіздер жаза-сыз-дар,  ол жазады, мен сауыншы-мын,  біз 
сауыншы-мыз, сен сауыншы-сың, сендер сауыншы-сыңдар, сіз сауын-
шы-сыз, сіздер сауыншы-сыздар. Мұнда екі сөз (ба стауыш пен баян-
дауыш) бір-бірімен жекеше жəне көпше жіктік  жалғаулары  арқылы  
байланысқан.   2.  Сен – жұмысшы. Мен – колхозшы. Ол оқыды. Мұн-
да  екі  сөз  өзара  жақтық  мағына  арқылы  байланысқан.  Қазақ  тілін-
де есім сөздер мен етістік сөздер де, етістік сөздер мен есім сөздер 
де  қиыса  береді. III жақта  есім  мен  етістік  арасында  көптік  қиысу 
(жіктік жалғауының көпше түрін қабылдау) болмайды. Мысалы: Ол 
оқиды. Олар жазады. (Олар оқиды-лар, Олар жазады-лар деп көптік 
жалғауын қосып айтуға болмайды). 
Матасу. Ілік септігіндегі сөздің тəуелдік жалғауындағы сөзбен өзара 
байланысуы матасу деп аталады. Түркі изафеті туралы қосу керек. Ма-
таса байланысқан сөздердің бірінші сыңары ілік септігіндегі жеке сөз-
ден де, бірнеше сөзден де бола береді. Осыған қарай матасу жай матасу 
жəне күрделі матасу деп бөлінеді. Бірінші сыңары ілік септігінде тұрған 
сөзбен байланысу жай матасу деп аталады. Мысалы: біздің колхоз;  сенің 
кітабың.  Бірінші  сыңары  екі  не  бірнеше  сөздердің  өзара  сатылап  бір-
бірімен  іліктесе  байланысуы  күрделі  матасу  деп  аталады.  Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет