Синтаксистік парадигмалар


 Сөйлемнің толымды – толымсыздығы



Pdf көрінісі
бет288/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   374
2.1 Сөйлемнің толымды – толымсыздығы
Тіл білімінде толымды жəне толымсыз сөйлемдерді белгілі бір тиісті 
сөйлем мүшесінің я мүшелерінің қатысу-қатыспауына байланысты ажы-
ратып жүр. Сондықтан мүшеленбейтін сөйлемдерді (сөз-сөйлем, атаулы 
сөйлем  т.б.)  толымды-толымсыз  деп  бөлуге  келмейді.  Толымды  жəне 
толымсыз  болып  келетін  сөйлемдер – бірқұрамды  (бір  негізді)  жəне 
қосқұрамды (екі негізді) сөйлемдер.
Осы тұста бірқұрамды (бір негізді) сөйлемді толымсыз сөйлем типіне 
жатқызу керек пе, жатқызбау керек пе деген мəселе шығады. Бұл мəсе-
ле  турасында  орыс  тіл  білімінде  қарама-қайшы,  алуан  түрлі  пікірлер 
көп. Сол пікірлердің ізімен жүріп өткен қазақ тілі синтаксисінің маманы 
Ж.Сəдуақасұлының кей пікірлеріне ден қоюға болады, бірқұрамды сөй-
лемдердің  толымды-толымсыздығын  айқындауда  ғалымның  пікірлерін 
тұғыр етуге болады. Атап айтқанда:
1.  ол  (толымсыз  сөйлем – Ж.Ж.) – бас  мүше  ғана  емес,  кез
келген мүшенің түсірілуімен байланысты;
2.  сөйлем  мүшесінің  түсірілуі  контекст,  ситуация,  стильдік  құры-
лымға байланысты;
3.  толымсыздық  қосқұрамды  сөйлемге  де,  бірқұрамды  сөйлемге  де 
тəн;
4. толымсыз қосқұрамды сөйлемдерде бас мүше (негізінен, бастауыш 
əдейі  стильдік  мақсатта)  түсіріледі.  Ал  бірқұрамды  (негізінен  белгілі 
жақты) сөйлемде бастауыш əдейі айтылмайды немесе бастан болмайды, 
сөйлем бастауыштың арнайы сөзбен берілуін қажет етпейтіндей дəреже-
де əбден тұрақталып қалыптасқан болады;
5. контекст пен ситуация толымсыз сөйлем мен бірқұрамды сөйлемнің 
аражігін ашу үшін емес, толымсыз жəне толымды сөйлемдердің аражігін 
ашу үшін ғана негіз етіп алыну қажет [4, 26 б.].
Демек, бірқұрамды сөйлемдер де, қосқұрамды (екі негізді) сөйлемдер 
сияқты толымсыз бола алады. Бірқұрамды сөйлем мен қосқұрамды сөй-
лемнің айырма белгісі субъект-предикаттық қатынаста. Ал сөйлемнің то-
лымсыздығының субъект-предикаттық қатынасқа ықпалы жоқтың қасы 
екенін есептесек, бірқұрамды сөйлем мен толымсыз сөйлемнің аражігін 
ашу аса қажетті де еңбек емес. Осы тұста А.Н.Кононовтың: “Бірқұрамды 
сөйлемдердің толымсыз сөйлемдерден өзгешелігі сол, бірқұрамды сөй-
лемдерде “жетпей” тұрған тұрлаулы мүше контекстен де, сөйлеу жағдая-
тынан да білінбей тұрады” - деген пікіріне ден қоясыз [5, 506 б.].
Сөйлемде ойға қатысты мүшенің қатысып тұрғанын, қатыспай тұрға-
нын айқындау қиын, бұл көбіне дерексіздікке əкеп соғады. Өйткені кон-
текстен тыс алынған сөйлемнің толымды немесе толымсыз екені белгісіз 
болады,  оны  анықтау,  тіпті,  мүмкін  емес.  Осы  тұрғыдан  алғанда,  біз 
“толымды” сөйлем деген ұғымның өзін шартты, салыстырмалы деп са-
наймыз. Тіпті, «Шындық салғастыру арқылы танылады» деген ақиқатқа 
сүйенсек, «толымды сөйлем» сөйлемнің толымсыздығын анықтау үшін 
салыстыру қажеттігінен туған аталым ба деген ойға қалуға əбден болады. 
Оның үстіне ой қисынымен парықтасақ, шын мəнінде сөйлем толымды 
болу үшін оны тыңдап қабылдаған адам ойында шешілмеген сауал қал-
маса керек, нақтырақ айтсақ, тілде неше сұрақ болса, соларға түгелдей 
жауапты сол бір сөйлемнің бойынан тапсақ керек қой. Бұл, тіпті, жүзеге 
аспайтын қиялдай нəрсе.
Сөйлемнің  ішінде,  орамды  тіл  тұрғысынан - ой  жалғастығы  тұрғы-
сынан қарасақ, “бос” орын қайдан пайда болғанын, сөйлем мүшелерінің 
орны неге байланысты екенін айқындауға болады.
Сөйлемде  “бос”  орын  қайдан  пайда  болатынын  білу  үшін  сөйлемді 
коммуникативтік  тұрғыдан  талдау  керек.  Контекстегі  белгілі  бір  сөздің 
сол сөйлемнің құрамында көрінбеуі сол сөйлемдегі рема қызметін атқа-
рып  тұрған  мүшелердің  мəн-маңызын  арттырады.  Сондықтан  да  сөй-


364
365
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет