Синтаксистік парадигмалар


 Мүшеленбейтін құрылымдар



Pdf көрінісі
бет291/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

2.2 Мүшеленбейтін құрылымдар
Көне заманнан бері сөйлем синтаксистік зерттеулердің негізгі нысаны 
болып келеді. Ол құрылымдық-семантикалық тұрғыдан А.Байтұрсынов-
тың,  Қ.Жұбановтың,  С.Аманжоловтың,  Н.Сауранбаевтың,  С.Жиенбаев-
тың, М.Балақаевтың, Т.Қордабаевтың, Қ.Есеновтің, Р.Əмірдің, М.Серға-
лиевтың, Т.Сайрамбаевтың еңбектерінде айтарлықтай деңгейде зерттел-
ді,  соның  негізінде  орта  жəне  жоғары  оқу  орындарына  арналған  оқу-
лықтар жарық көрді. ХХІ ғасырға дейінгі зерттеулердің дені сөйлемнен 
предикативтілік, модальділік, интонация сияқты тағандарды айқындауға, 
олардың берілу жолдарын белгілеуге тырысты. Ал жиырмасыншы ғасыр-
дың соңынан бері қазақ тіл білімі синтаксистің функционалдық, комму-
никативтік-прагматикалық  сипаттарын  анықтауға  бет  бұрды  (Ж.Сəду-
ақасұлы,  Ж.Жақыпов,  З.Ерназарова,  т.б.).  Бұл  зерттеулер  сөйлемдерді 
функционалдық тұрғыдан «мəннен – құрылымға» қарай қарауға мүмкін-
дік беріп, мүшеленетін жəне мүшеленбейтін сөйлем деп бөлуге болатын-
дығын көрсетіп отыр. 
Мүшеленбейтін сөйлемдер тілдердің қай-қайсысында болсын (түркі, 
славян,  роман  тілдерінде)  мол  кездеседі.  Сондықтан  бұл  синтаксистік 
құрылымдар – тілдегі универсалийлер. Соңғы кездегі тілдің даму үдерісі-
не назар аударатын болсақ, мүшеленбейтін сөйлем түрлерінің дамып, өз-
геріп келе жатқанын байқаймыз.
Жалпы  тіл  біліміндегі  сөйлемді  зерттеген  түрлі-түрлі  бағыттар  мен 
ағымдар  мүшеленбейтін  сөйлемнің  күрделі  құбылыс  екендігін  аңғарт-
ты.  Сөйлем  предикативтілігінің  мағынасы  модальділік,  шақтылық, 
жақтылық тəрізді синтаксистік санаттары арқылы іске асады. Предика-
тивтілік  құрылымдық  тұрғыдан  қарайтындар  үшін – бастауыш  пен  ба-
яндауыштың  немесе  синтаксистік  бас  мүшелердің  қатынасы,  сөйлемді 
семантикалық құрылым тұрғысынан қарайтындар үшін – логикалық бас 
мүшелер  деп  есептелетін  субъект  пен  предикаттың  қатынасы.  Субъект 
пен предикат кез келген сөйлемнің логикалық қазығы бола тұра, бұлар 
барлық сөйлем түрлерінің құрамында кездесе бермейтіндігін көреміз. 
Мүшеленбейтін сөйлемдердегі предикативтіліктің көрінісін контекс-
пен байланыстыра, модальділік, жақтық, шақтық жəне интонация бірлік-
терінен іздейміз. Мүшеленбейтін сөйлемдер субъект-предикаттың мате-
риалдық  көрсеткіші  болып  табылатын  бастауыш  пен  баяндауышқа  са-
раланбаса да, онда предикативтіліктің өзі бар. Өйткені сол сөздің өзінің 
бойынан-ақ хабар функциясы пайда болады да, белгілі ой-ақпарат жүгін 
арқалаған сөйлемге теңдеседі.
Мəселен,  І.Есенберлиннің  «Көшпенділер»  романын  оқыдыңыз  ба? 
Иə  деген  құрылымдардың  екеуінің  де  сөйлем  екеніне  күмəніміз  жоқ. 
Екінші  сөйлемді  мүшеленбейтін  сөйлем  етіп  тұрған  оның  модальділігі 
(мақұлдау)  жəне  шақтық  санаты  (өткен  шақ).  Бұл  санаттардың  барын 
біз  контекст  арқылы  көріп  отырмыз. «Иə»  сөйлемі  «І.Есенберлиннің 
«Көшпенділер» романын оқыдым» деген сөйлемнің орнына жұмсалып, 
ой жəне хабарлау интонацияның тиянақтылығына ие болып тұр. Демек, 
контекст  пен  жағдаят  мүшеленбейтін  сөйлемдерде  предикативтіліктің 
объективті көрсеткіші болып табылады. 
Қазақ  тіл  білімінде  алғаш  рет  сөйлемді  мүшеленбеу  тұрғысынан 
анықтап берген ғалым – О.Төлегенов. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет