Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет284/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Қыстырма-модаль сөздер. Сөйлемді контекстке бағынышты етудің 
өнімді  тəсілінің  бірі — қыстырма-модаль  сөздерді  қолдану.  Қыстырма 
сөздердің  сөйлемде  айтылған  ойға  айтушының  көзқарасын  білдіретін 
түрі де, ойларды қорытындылайтын қыстырмалар да сол сөйлемде беріл-
ген ойдың басқа сөйлемге қатыстылығын көрсетеді, коммуникантты кон-
текстегі  əр  сөйлемде  айтылған  ойларды  салғастыруға  жетелейді.  Сон-
дықтан ондай сөйлемдер тиянақты болмайды. Қарапайым түрде айтсақ, 
“меніңше”  болса,  басқаның  пікірінше  қалай  екен, “біріншіден”  болса, 
екінші, үшіншіден қалай екенін білу қажеттілігі туады. Мұны қыстырма 
сөздердің əр түріне байланысты төменде келтірілген контекстердегі ай-
рықшаланған  сөйлемдерді  көршілес  сөйлемдермен  салғастыру  арқылы 
байқау қиын емес. Мысалдар:
1. ... қонақ сыйлау — жеке адамның кісілік қасиетінің қандай екенін 
ғана көрсетіп қана қоймайды. Сонымен бірге ұлттық психологияны да 
анықтайтын құбылыс. Бір елде ерлік деп саналатын оқиға — екінші елде 
күнделікті тіршілікте аяқ басқан сайын кездесе беретін жай нəрсе. Бір
елде ұят деп саналатын істің екінші елде ұят саналмайтынын байқау-
ға  болады.  Əр  халықтың  дүниетанымы  əрқилы.  Əйтпесе  жаны-құты 
қалмай жүрген мадияр жазушысын сараң дей алмайсың. Асылы, есебі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет