Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет299/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Махмұт! Өй, Махмұт! - деп, өзіне тəн ширақ қимылмен лып етіп, Сұл-
танмахмұтты алдынан орап құшақтай алып еді (Д.Ə.). («Əрі қарата айт-
пай-ақ қойшы!» мағынасында). 
Сонымен,  вокативті  сөйлем  дегеніміз – ерекше  шақыру  дауыс 
ырғағымен айтылып, сөйлеушінің əртүрлі көңіл-күйін, сезімін білдіру 
үшін қолданылатын, грамматикалық жақтан не бастауышқа, не ба-
яндауышқа жіктеле алмайтын мүшеленбейтін сөйлем.
Вокативті сөйлемдердің басты белгілері:
а) вокативті сөйлемдердің тірек сөзі ретінде кісі есімдері жəне кісі-
ге қатысты жалпы есімдер қолданылады;
ə) тірек сөздің бойында бірнеше мағыналар тоғысып, синкретизм құ-
былысы пайда болады;
б) ерекше интонациямен айтылады;
в) құрамы жағынан көбінесе бір сөзді (қайталанып та қолданылуы 
мүмкін);
г) контекске, жағдаятқа бағынышты, яғни олар – жағдаятпен, кон-
текспен шарттастырылған сөйлемдер;
ғ) ең бастысы – сөйлем мүшесіне ажыратыла алмайды.
Вокативті мүшеленбейтін сөйлемдердің нақты семантикасы көбінесе 
жағдаятты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет