келіп, бүлік шығарған төрт жүз жігіттің басын кестіруге асты. Жə кесу, жə келісу үшін асты (Х.Есенжанов).
Мысалдағы соңғы екі ерекшеленген үстеме сөйлем негізгі сөйлемде
айтылған іс-əрекеттердің мақсаттары баяндалған. Байқап отырғанымыз-
дай, үстеме сөйлемде сөйлемге тəн бүкіл белгілер бар: тұрлаулы, тұр-
лаусыз мүшелері, предикаттық қатынасы бар; біріншісі күрделенген жай
сөйлем, екіншісі жай сөлем. Екеуі де толымсыз сөйлем, себебі ойға қатыс-
ты бастауыш негізгі сөйлемде орналасқан. Бұл – үстеме сөйлемдерге қа-
тысты басты белгі. Үстеме сөйлемдердің бастауышы міндетті түрде не-
гізгі сөйлемде орналасады. Осы арқылы негізгі сөйлемге тəуелді болады.
Жоғарыдағы үстеме құрылымды сөйлемдерді қалыпты сөйлем
арқылы да беруге болады. Бірақ автор үстеме сөйлемдерді таңдаған. Сөй-
лемдерді үстемелеу арқылы берудің артықшылықтары мынада: бірінші-
ден, үстемеленген ойға оқырман ерекше назар аударады; екіншіден, ой
ықшам, жеке-жеке беріліп, үстемеленген бөлшек өзіне мағыналық-логи-
калық жүк артады.
Сонымен, толық сөйлем түріндегі үстеме құрылым өзіндік предикат-
тық қатынасы болса да, негізгі сөйлемге логикалық жағынан тəуелді бо-
лып, негізгі сөйлемнің түрлі белгілерін түсіндіріп тұрады.