Сөйлем түріндегі үстеме құрылым. Үстеме құрылымды құрайтын
сөйлем ерекше синтаксистік түр болып табылмайды. Ол кəдімгі қалып-
ты сөйлемге тəн құрылыста болады. Яғни, оларға жалпы сөйлемге тəн
құрылыс, интонация, предикативтілік жəне белгілі бір форма тəн. Мыса-
лы: Оның қытай тілінде оқыған сөздерін тілмашы Дабынтай қолма-қол қазақшаға аударып тұр. Сан рет қайталанған ежелгі жарапазан, ой- дан шығарылған қылмыстардың тізбегі еді(Қ.Жұмаділов).
Мысалдағы үстеме құрылымға құрылымдық синтаксис тұрғысынан
келсек, бірінші сыңары толымсыз, себебі оның грамматикалық субъек-
тісі негізгі сөйлемде (сөздері), ал екінші сыңары предикаттық қатынас-
тың талаптарына жауап бере алмайды. Себебі онда жақтық, сандық қиы-
су жоқ. Бұл сыңар сөз тіркесі (анықтауыштық қатынас) құрылымының
негізінде жасақталған. Жоғарыдағы мысалда үстеме құрылым негіз-
гі сөйлем құрамындағы «сөздерін» деген толықтауыштың мағынасын
кеңейтіп, түсіндіріп тұр.
Ескі Ресейдің барлық тоң-торыс, топас мінездерін түгел бойына жинап алғандай, содыры көп, соқтыға жүретін Иван Зубов ордаң ба- сып келіп, ұйлығып тұрған жұртты түгел бір шолып өтті. Ашы мен