Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет322/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

қамығып айтты (Ғ.Мүсірепов). 
Сөйлеушінің  психологиялық  жағдайы  үстеме  сөйлемде  көрсетілген. 
Бұл  жерде  үстеме  сөйлемді  негізгі  сөйлем  құрамынан  бөлініп  шықты 
деуге  мүлдем  болмайды.  Үстеме  бөлік  негізгі  сөйлемнің  мағынасын 
кеңейтіп, кейіпкердің əрекетін пысықтап тұр. Ол пысықтау – сын-қимыл 
жағынан.
Тағы бір мысал келтірейік:
Бірақ ... Тағы да бірақ деймін-ау, көп ұзамай сол көңілдің шырқы тағы 
бұзылды. Мықтап бұзылды (С.Жүнісов).
Бұл  құрылымда  да  баяндауыш  қосымша  сөйлемде  қимыл-сын 
жағынан пысықтала қайталанып тұр. Егер бұл құрылымды қалыпты сөй-
лемге айналдырсақ, одан үстеме құрылымдағыдай əсер алмаймыз. Яғни 
үстеме  құрылымда  мықтап  пысықтауышы  логикалық  екпінмен  ерек-
шеленген, ал қалыпты сөйлемде ол ондай екпін алмайды.
3) Мезгілдік қатынастағы пысықтауыштық үстеме құрылым. Мезгіл 
пысықтауыштың  сөйлемдегі  қызметі  сияқты  үстеме  сөйлемдегі  мезгіл 
пысықтауыш негізгі сөйлемдегі іс-əрекеттің мезгілін білдіреді. Мысалы: 
Маңдай  терісі  жиырылып,  жүз  жасаған  қариялардай  түнеріп  толға-
нып отыр. Анда-санда (Д.Əбілев). 
Мысалдағы  анда-санда  пысықтауышы  мезгіл  үстеуден  жасалған. 
Үстеме  бөліктегі  мезгіл  пысықтауыш  негізгі  сөйлемдегі  іс-əрекеттің 
үздіксіз емес, оқта-текте, үзілмелі болып жатқанын білдіреді.
Бұл ауылға жақындағанда бəрі үйіне кіріп жоқ болады да, үйлерінде 
күледі. Жаз бойы, қыс бойы күледі (Ғ.Мүсірепов). Негізгі сөйлемдегі ба-
яндауыштың қайталануы арқылы негізгі сөйлемдегі іс-əрекеттің мезгілі 
үстеме сөйлемде көрсетілген. 
4) Мекендік қатынастағы пысықтауышты үстеме құрылым. Мекендік 
қатынастағы  үстеме  құрылым  қимылдың,  іс-əрекеттің  болу  орнын,  бет 
алысын, қайда екенін білдіреді. 
– Мен өз жеріме кетемін. Арқаға (І.Есенберлин). 


392
393
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
Үстеме  бөлік  негізгі  сөйлемде  айтылған  іс-əрекеттің  бет  алысын, 
бағытын білдірген. Арқаға деген үстеме бөлік негізгі сөйлем құрамын-
дағы өз жерім деген тіркестің мазмұнын ашып, айқындап тұр.
Жоғарыда  келтірілген  сөйлем  мүшелерінің  барлығы  дерлік  үсте-
меленгенде,  ең  алдымен,  негізгі  сөйлемдегі  ойды  толықтырып,  сөйлем-
ді  мағыналық  жағынан  болсын,  коммуникативтік  жағынан  болсын
тиянақтап,  негізгі  сөйлемнің  əр  қырлы  толықтырмасы  ретінде  қызмет 
етеді. Сонымен қатар, үстемеленген сөйлем мүшелері өзіндік логикалық 
екпінмен ерекшеленіп, сөйлемді жеткізу кезінде өзіндік мəні, қызметі бар.
Қазақ тіліндегі айрықша синтаксистік құбылыс – үстеме құрылымдар-
ды талдай келе, біз мынадай қорытындыларға келдік:
1)  Үстеме  құрылым  құбылысы  қазақ  тілі  табиғатына  тəн  құбылыс 
жəне ол көптеп кездеседі. Үстеме құрылым жазба тілге уақыт өте келе
ауызекі сөйлеу тілінен келіп кірген. Олай дейтініміз – жазба тіл мен ауыз-
екі сөйлеу тілі жақындап, біріндегі құбылыс біріне ауысып жатады. Бұл 
күнде үстеме құрылым жазба əдебиеттің нормасына ыңғайласып қалып-
тасуда.
Үстеме  құрылым  санада  алдын-ала  жоспарланбастан  үстемеленеді. 
Яғни негізгі ой айтылып жатқанда немесе айтылып болғаннан кейін қо-
сымша ой санаға келеді. Осы қосымша келген ой алдыңғы негізгі ойға 
тіркесе айтылады. Бұл айтылғандар үстеме құрылымның ауызекі сөйлеу 
тілінен шыққандығын көрсетеді.
2) Үстеме құрылым предикаттық қатынасқа сүйеніп, негізгі сөйлем-
нен кейін орналасып, оған түрлі мағына үстейтін, өзіндік дербестігі жоқ, 
негізгі  сөйлемге  тəуелді  бөлік  болып  табылады.  Үстеме  бөлік  негізгі 
бөлікті  нақтылайды,  қосымша  мағына  үстейді,  мазмұнын,  мағынасын 
кеңейтеді, толықтырады жəне негізгі ойды дамытады.
3) Үстеме құрылымның құрамы үш түрлі болып келеді: 
а) жеке сөз тұлғасы түрінде;
ə) сөз тіркесі түрінде;
б) сөйлем түрінде.
4) Үстеме құрылым əр уақытта негізгі сөйлемнен кейін келеді (орны 
тұрақты) жəне тұтас сөйлемді, не бір жеке мүшені толықтырып, түсін-
діріп, нақтылап тұрады. 
5)  Үстеме  құрылымның  үстеме  бөлігі  негізгі  бөліктің  негізінде
пайда  болады  жəне  оның  коммуникативтік  дербестігі  болмайды.  Ол
негізгі бөлікпен бірге айтылғанда ғана коммуникативтік дербестікке ие 
болады. 
6) Үстеме құрылым предикаттық қатынасы бар сөйлемнен де тұруы 
мүмкін жəне ол кез келген шақта болады.
7) Қазақ тілінің синтаксистік құрылысында сөйлемнің кез келген мү-
шесі үстемелене алады.
8) Үстеме құрылым сөйлеуде логикалық екпін арқылы ерекшеленіп, 
айрықшаланып тұрады.
9)  Негізгі  сөйлем  мен  үстеме  сөйлем  əртүрлі  тыныс  белгілері  ар-
қылы бөлінеді. Олар: нүкте, үтір, көп нүкте, сұрақ белгісі жəне леп бел-
гісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет