390
391
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
Толықтауышты үстеме құрылым. Қазақ жазба тілінде толықта-
уышты үстеме құрылым басқа мүшелермен салыстырғанда сирек кезде-
седі. Толықтауыш үстеме құрылымда көп жағдайда қайталанып қолданы-
лады. Ол – белгілі бір мүшеге аса маңыз беру үшін жəне ауызекі сөйлеу
тіліне тəн ерекшелік – нақтылау үшін толықтауыш қайталанады. Мысалы:
-
Шешеңді ойла, шешеңді («Қазақ əдебиеті» газеті). –
Жоғары шық, Төке
... Шайға жақында, шайға ... – деп жыбырлай бастады (Ғ.Мүсірепов).
Жоғарыдағы екі мысалда да негізгі сөйлем құрамындағы толықтауыш
үстеме бөлікте қайталанған. Мұндай қайталаулар ауызекі сөйлеу тіліне
тəн құбылыс болып табылады. Ал үстеме құрылымның ауызекі тілінен
енгенін ескерсек, бұл, əрине, заңды құбылыс.
-
Ал жібердім тізгіндеріңді! – деді Жұман қалың қолдың ортасында
тұрып. - Өзгесі адыра қалсын, ең алдымен, Игілікті өз шаңырағын ор-
тасына түсіріп, өзін бір сүйреп алдыма əкеп беріңдер! Өзін, өзін! – деп
тоқтады (Ғ.Мүсірепов).
Мысалдағы үстеме бөлікте қайталанған толықтауыш (
өзін) табыс
септігі тұлғасы арқылы жасалған. Сөйлеуші өздік есімдігін екі рет қай-
талаудағы мақсаты – тыңдаушыларды естімей қалмасын деген оймен
нақтылау жəне нығырлау. Жəне біз бұл құрылымнан сөйлеушінің психо-
логиялық жағдайын да көреміз. Ол – ашу, ыза.
Сонымен, толықтауыш, көбінесе, қайталау арқылы үстемеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: