сөз (ағамның ауылы); көмес ілік септікті сөз+көрінеу тəуелдік жалғау- лы сөз (аға ауылы); көрінеу ілік септікті сөз+көмес тəуелді жалғау- лы сөз (сіздің ауыл). Ал меңгеру, негізінен, етістікке тəн байланыс екені
белгілі, сондықтан есім сөздердің мұндай байланысын үлгілеп, типтеу
қиын, мысал келтірумен шектелуге тура келеді: қазынаға бай, сөйлегенде ақылды, көршісімен дос, менде көп т.с.с.
Етістікті сөз тіркесінің байланысу формаларына қарай бөлінетін
түрлері – қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері, меңгеріле байла-
нысқан етістікті сөз тіркестері. Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркес-
терінің үлгі қалыптары пысықтауыштық қатынасқа құрылады: үстеу