жалғау, шылау тəсілдерімен байланысуы қажет. Мысалы, қызық ойын дегеннің сыңарлары ешқандай қосымшасыз қатар тұрып байланысса,
ауылдың баласы деген тіркесте байланыс орнатып тұрған – ілік септігі
мен тəуелдік жалғауы, ал берген соң алдым деген күрделі тіркесте екі сөз
пішінін жалғастырып тұрған – соң септеулігі. Ал интонация – сөйлемге
тəн құбылыс, яғни қарым-қатынас үстінде қолданылады, ал сөз тіркесі
болса сөйлемнің тетігі ғана, қарым-қатынастық бірлік емес.
5. Қазақ тілінде сөздердің байланысуының бес формасы бар: қиысу,
қабысу, меңгеру, жанасу, матасу. Сөз тіркесінің сыңарлары қабыса, мең-
геріле, матаса ғана байланысады. Мысалы: еркін ел, қызығып оқу, жалт қарау сөз тіркестерінің сыңарлары жалғаулықсыз орын тəртібі бойын-
ша қатар тұрып қабыса байланысып тұрса, ауылды көру, сиямен жазу, телефон арқылы сөйлесу деген сөз тіркестерінің сыңарлары атау мен
іліктен басқа септік жəне септеулік шылау ықпалымен меңгеріле бай-
ланысып тұр, сондай-ақ дала көктемі, елдің сөзі, біздің ауыл деген сөз
тіркестерінің сыңарлары ілік септігі мен тəуелдік жалғаудың көмегімен
матаса байланысып тұр. Қиысу байланысына келсек, оның қазақ тілін-
де бастауыш пен баяндауыштың байланысы екендігі белгілі, ал баста-
уыш пен баяндауышы бар бірліктің сөйлем болып шығатыны тіпті анық.
Жанасудың сөз тіркесін жасай алмайтын себебі – ол сөйлем ішінде ғана
көрінеді, ал сөз тіркесін межелегенде біз екі сыңарды ғана аламыз, сон-
дықтан да болар сөз тіркестерін жіктегенде бұл байланыс есепке алын-
байды. Демек, жанасу – дербес бірлік болып есептелетін сөз тіркесінің
аясындағы емес, сөйлем ішіндегі байланыс.
6. Сөз тіркесін дербес бірлік қылуға ықпал ететін сипат – оның сыңар-
ларының сипаты. Сөз тіркестерінің сыңарлары бірі екіншісіне бағына