байланысып, екіншісі сол тіркеске ұйтқы, тірек болып тұруы қажет.
Осыған орай, əдеттегі қалыпта (нормативте) сөз тіркесінің бірінші сыңа-
ры бағыныңқы болады да, екіншісі басыңқы болады. Сөз тіркестері
басыңқы сыңарлардың қай сөз табынан болуына байланысты үлкен екі
топқа бөлінеді: есімді сөз тіркесі жəне етістікті сөз тіркесі. Бұлар өз ішін-
де байланысу формасына жəне бағыныңқы сыңардың сөз табы белгісіне
қарай бірнеше топшаларға жіктеледі.
Есімді сөз тіркесінің байланысу формасына қарай бөлінетін түрлері
– қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері, матаса байланысқан есімді
сөз тіркестері, меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері. Қабыса бай-
ланысқан есімді сөз тіркестері сыңарларының сипатына қарай ішкі жік-
терін үлгі-қалыптармен көрсетуге болады. Анықтауыштық қатынасқа
құрылатын сөз тіркестері: зат есім+есім (ағаш есік); сын есім+есім (қы- зыл есік); сан есім+есім (екі есік); есімдік+есім (осы есік); есімше+есім (сынған есік); пысықтауыштық қатынасқа құрылатын үлгі – үстеу+есім (қазір бала, ертең азамат). Матаса байланысқан есімді сөз тіркесінің
үлгі қалыптары – көрінеу ілік септікті сөз+көрінеу тəуелдік жалғаулы