Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет133/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

наты. Мынау – Көкшілік, Нұра... Қарт қатар жарысқан қос өзенге қа-
рап тұрып: Қарғыба – Базарым, Қалың ел – Назарым, – деді күбірлеп... 
(Қ.Жұмаділов). ...Мейманхана – казарма емес... (Ə.Тарази). Қарсы алған 
жігіт – газет қызметкері екен (Ə.Тарази). 
Осындай сөйлемдердің баяндауыштары көлемдік септіктерде де (ба-
рыс,  жатыс,  шығыс)  қолданыла  береді:  Мал  аласы – сыртында,  адам 
аласы – ішінде  (Мақал). ...Ана  вагондағылардың  күндері  өздеріне... 
(Ə.Тарази). Басқа пəле – тілден (Мақал).
Есім  баяндауышты  сөйлемдер  зат  есімнің  меншіктілік  мағынасын 
білдіретін -нікі, -дікі жұрнақтары арқылы жасалған баяндауыштармен де 
қолданылады: Ендігі сөз Мақпалдікі... (Қ.Жұмаділов). – Қуып жеттің! 
Еңбек сенікі! (Ə.Тарази). Заман осылардікі... (Б.Майлин).  
2. Баяндауыштары сапалық есімдерден (сын есім, сан есім) болады: 
Қара  партаның  беті  теңбіл-теңбіл...  Сегізінші  класс  кең...  Лəйліге 
үміткер де сол екеуі... (Ə.Тарази). Өмір деген қызық қой... Тегі ғылым-
ның  да  адамға  берер  лəззаты  көп-ау  деймін... – Аты  да  тəтті  екен. 
Таныстырасың  ғой? (Қ.Жұмаділов).  Білгенің – бір  тоғыз,  білмегенің – 
тоқсан тоғыз (Мақал).
3. Баяндауыштары есімдіктерден болған сөйлемдер: – Билетті қай-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет