Синтаксистік парадигмалар


теміз? – дедім  бір  кезде  спектакль  есіме  түсіп.  Асылхан  ғой  мынау



Pdf көрінісі
бет134/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

теміз? – дедім  бір  кезде  спектакль  есіме  түсіп.  Асылхан  ғой  мынау... 
(Қ.Жұмаділов). Жидебайдағы қыстаудың ең үлкені – осы (М.Əуезов). – 
Бұл кім өзі? (Ғ.Мұстафин). 
Тілшілер ішінде жоғарыдағы пікірге қарсы бастауышы зат есім баян-
дауышы  етістік  болып  құрылған  сөйлемдерді  номинативті  (есімді  сөй-
лем)  сөйлем  деп,  ал  баяндауышы  зат  есім  болып  келетін  сөйлемдерді 
оның өзектендірілген түрі деп есептейтін ғалымдар бар. Мəселен, бел-
гілі ғалым Р.Əмір бұл жайында танымал түркітанушы Э.В.Севортянның 
пікіріне сүйене отырып: «Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, 
сөйлемдердің басты, негізгі типі болып номинативті, яғни бастауышы зат 
есімнен болған сөйлемдер есептеледі», – деген тұжырым жасайды. Ға-
лымның ойынша, «номинативті сөйлемдерді əр уақыт трансформацияға 
түсіріп етістік бастауышты сөйлемге айналдыруға болады. ...бастауышы 
зат есімді сөйлем түп, негізгі түр болса, бастауышы есімше сөйлемдер 
–  ойдың  бір  құрамын – субъектіні,  объектіні  актуализациялайтын  тип. 
(Мұны  кешегі  аңызақ  жел  кептірді.  Мұны  кептірген – кешегі  аңызақ 
жел. Аңызақ желдің мұны кептіргені кеше.) « [5, 63 б.]. 
Əрине, автордың бұл пікірі сөйлемнің қалыптасуы мен оның комму-
никативтік  қызметін  ескеруден  пайда  болған.  Өйткені  ғылымда  қазіргі 
сөйлемдердің негізі атаулы сөйлемнен бастау алады деген пікірлер бар. 
Келе-келе  атаулы  сөйлем  (атауыш  сөздер)  хабардың  тақырыбына  (те-
масына) айналады да, сөйлемнің келесі бөлігі осы тақырып туралы ха-
бардың  мазмұнын  білдіретін  баяндау  бөлігі  (рема)  пайда  болады.  Сөй-
лемнің  осы  баяндауыш  позициясы  сөйлемнің  қажетті  бөлігін  өзектен-
діретін орын болып қалыптасады. Сөйтіп, қазіргі сөйлемдеріміздегі есім 
сөздердің баяндауыш қызметін атқаруы сөйлеу талабына, хабаршының 
хабар мазмұнына салар салмағына байланысты өзектендіру нəтижесін-
де бастапқы етістік баяндауышты сөйлемдердің түрлі трансформацияға 
түсуінен қалыптасқан. 
Есімді бір негізді сөйлемдер қатарына атаулы сөйлемдерді, есім баян-
дауышты  сөйлемдерді  жəне  вокативті  сөйлемдерді  жатқызуға  бола-
ды деп есептейді Г.Қ.Темірбекова. Зерттеуші бір құрамды есімді сөй-
лемдерге «Арнайы хабарлау мақсатында қолданылатын жəне осының 
негізінде  предикативтілік  пен  модальділікті  білдіретін  синтаксистік 
мағына  беретін,  құрылымдық  негізін  атау  тұлғасындағы  немесе  зат-


144
145
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
танған форма құрайтын сөйлемді айтамыз», – деген анықтама береді 
[6, 11 б.]. 
Атаулы  сөйлем  қазақ  тілінде  біршама  қарастырылған  (М.Балақаев, 
Р.Əмір  т.б.).  Олардың  ерекшеліктері  мен  қызметін  мына  мысалдардан 
байқауға болады: Ой. Тұңғиық ой... Неге бұлай?.. (З.Қабдолов). Теп-тегіс 
жазық дала. Мұхиттай көгілдір, мұхиттай тұңғиық аспан. Оқшау-оқ-
шау қалқыған жардай-жардай ақшыл бұлт; мұхитта жүзген айсберг 
сияқты (Ə.Тарази). Тау іші. Иен жайлау. Ұшқан құс, жүгірген аңнан өзге 
тіршілік белгісі білінбейді (Қ.Жұмаділов). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет