наты. Мынау – Көкшілік, Нұра... Қарт қатар жарысқан қос өзенге қа-
рап тұрып: Қарғыба – Базарым, Қалың ел – Назарым, – деді күбірлеп... (Қ.Жұмаділов). ...Мейманхана – казарма емес... (Ə.Тарази). Қарсы алған жігіт – газет қызметкері екен (Ə.Тарази). Осындай сөйлемдердің баяндауыштары көлемдік септіктерде де (ба-
рыс, жатыс, шығыс) қолданыла береді: Мал аласы – сыртында, адам аласы – ішінде (Мақал). ...Ана вагондағылардың күндері өздеріне... (Ə.Тарази). Басқа пəле – тілден (Мақал). Есім баяндауышты сөйлемдер зат есімнің меншіктілік мағынасын
білдіретін -нікі, -дікі жұрнақтары арқылы жасалған баяндауыштармен де
қолданылады: Ендігі сөз Мақпалдікі... (Қ.Жұмаділов). – Қуып жеттің! Еңбек сенікі! (Ə.Тарази). Заман осылардікі... (Б.Майлин). 2. Баяндауыштары сапалық есімдерден (сын есім, сан есім) болады: Қара партаның беті теңбіл-теңбіл... Сегізінші класс кең... Лəйліге үміткер де сол екеуі... (Ə.Тарази). Өмір деген қызық қой... Тегі ғылым- ның да адамға берер лəззаты көп-ау деймін... – Аты да тəтті екен. Таныстырасың ғой? (Қ.Жұмаділов). Білгенің – бір тоғыз, білмегенің – тоқсан тоғыз (Мақал). 3. Баяндауыштары есімдіктерден болған сөйлемдер: – Билетті қай-