Өздік жұмыс тапсырмалары 1. Мəтін ішінен бір негізді жəне екі негізді сөйлемдерді тауып ерек- шеліктеріне сипаттама беріңіз. 2. Көркем əдебиеттен бір негізді сөйлемдер теріп (5-10 сөйлем), то- лымсыз сөйлемнен ерекшелігін түсіндіріңіз. 3. Берілген мəтіннен бір жəне екі негізді сөйлемдерді тауып, құрылымдық-мағыналық ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз. 4. Көркем əдебиеттен жақты жəне жақсыз сөйлемдер тауып (5-10 сөйлем) ерекшеліктерін дəлелдеңіз. 5. Ішінде «жалаң» сөйлемі бар мəтін құрастырыңыз, мəтіндегі басқа сөйлемдермен байланысын түсіндіріңіз. 6. Сөйлемнің толықтауыш арқылы жайылмалануына мысалдар теріп (5-10), құрылымдық өзгерістің сөйлем семантикасына əсерін түсіндіріңіз. 7. Анықтауыш пен пысықтауыштың жайылмаландырушылық қыз- метіне мəтін құрастырып, семантикалық ерекшеліктеріне сипаттама жасаңыз. 8. Тұрлаусыз мүшелердің «детерминанттық» қызметіне мысалдар келтіріңіз. 9. Көркем əдебиеттен болымсыз сөйлемдердің жасалу тəсілдеріне мысалдар теріп түсіндіріңіз (əрқайсысына 5 сөйлемнен). 10. Көркем əдебиеттен ішінде етістікті жəне есімді сөйлемдер кез- десетін мəтін тауып, сөйлемдердің жасалу жолдары мен өзара мағына- лық байланысын түсіндіріңіз.