150
151
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
тивті бөлік сөйлемге тұрлаусыз мүше хұқында енгізілген баяндауыш
сияқты. А.Ф.Прияткина көрсеткендей, етістіктің ықпалымен бола-
тын қосымша предикативтіліктің жартылай предикативтіліктен айыр-
машылығы аз, айырмашылығы сол – мұнда субъектінің белгісі (преди-
кат) етістікпен беріледі. Бүркеме предикативтілікте субъект-предикат-
тық қатынас айқын көрінбейді. Ал ашық предикативтілікте бұл қатынас
қайталау арқылы жанама көрініс тауып, күрделенген сөйлемді құрма-
ласпен шектестіреді [3, 21-27 бб.].
Көрініп тұрғандай, субъект-предикаттық қатынастың межелеуіштік
сипаты сабақтас құрмаластың бағыныңқы сыңарынан ғана емес, күрде-
ленген сөйлемдегі тəуелді бөліктен де талап етіледі, тек екеуіндегі талап-
та өзгешелік бар. Ол өзгешелікті айқындайтын – контекст (Бағыныңқы
немесе тəуелді сыңарды анықтауда контексті қолдану əзірше синтаксис
теориясына енген жоқ. – Ж.Ж.).
Түсіндіріп көрейік. Кейбір күрделенген сөйлемдердегі тəуелді конс-
трукцияның субъектісі сол сөйлем ішінен табылмайды, бірақ оны кон-
текст аясынан я контекс ықпалымен анықтаймыз, ол сөйлеу жағдаятына
орай я көмес тұрады, я мəтіндегі басқа сөйлемде көрінеу қатысып тұра-
ды. Осындай құралымдағы предикативтену толық емес, жартылай я қо-
сымша болып табылады. Сондықтан күрделенген сөйлемдегі жартылай
(қосымша) предикативтілікке мынадай өзгертулер енгізген жөн: жарты-
лай предикативтілік жағдайында тəуелді құрылымның есімше, көсемше
арқылы беріліп тұрған қимыл-əрекеттің я күй-қалыптың иесі (субъектісі)
сол сөйлемнің өз ішінен табылмайды, жағдаяттан білініп тұрады немесе
мəтіндегі басқа тұста қатысып тұрады. Ал мұндай тəуелді конструкция-
ның субъектісі сөйлем ішінде болса, онда тəуелді оралым субъектінің
белгісінің белгісі болып келеді я болмаса субъектінің бірыңғай я əрыңғай
предикаты болады. Мұндайда күрделену емес «жайылмалық» алға тар-
тылады. Мəселен, дəстүр бойынша,
Есікті ашып жіберіп Сайдалы мал-
ды шығара бастады. Тамақ ішіп жайланған соң Сайдалы əңгіме баста-
ды деген сөйлемдер күрделенген болып саналады. Көрініп тұрғандай
бұл сөйлемдердегі тəуелді құралымдар (
Есікті ашып жіберіп; Тамақ
ішіп жайланған соң)
Сайдалы субъектісінің предикатынан гөрі, шығара
бастады, бастады баяндауыштарының пысықтауыштары (яғни, субъек-
тінің белгісінің белгісі).
Егер бір субъектінің əр белгісін бір предикат деп білсек, онда бір жай
сөйлемнің ішіне бірнеше сөйлемді тықпалаған болып шығамыз. Ой-
лау үрдісі қашанда ықшамдылыққа талпынады. Олай болса,
қосымша
Достарыңызбен бөлісу: