Синтаксистік парадигмалар


(жартылай)  предикативтілігі  бар  күрделенген  сөйлем  деп  тəуелді



Pdf көрінісі
бет143/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

(жартылай)  предикативтілігі  бар  күрделенген  сөйлем  деп  тəуелді 
бөлігінің субъектісі сол сөйлемде болмағанмен, контекстен, жағдаят-
тан табылатын сөйлемді айтамыз. Ал дəл осы сөйлемде оның предика-
тивтілігі толық емес жартыкеш болып табылады, негізгі (базалық) бөлік-
ке қосымша мазмұн беріп тұрады.
Жартылай предикативті сыңардың сөйлемдегі негізгі бөлікпен байла-
нысы мен мағыналық қатынасы сабақтас құрмалас сыңарларының ара-
сындағы байланыс пен қатынасқа ұқсасып тұрады (Бəлкім, күрделенген 
сөйлемді  жай  сөйлем  мен  құрмалас  сөйлемнің  арасындағы  өтпелі  дең-
гейге жатқызуға да осы сипат себеп болар).
Қазақ  тілі  синтаксисінде  бір  кездері  сабақтас  құрмаластың  бағы-
ныңқысының  бастауышы  болуы  міндетті  ме  деген  мəселе  қойылып, 
бастауышы қатысып тұруы міндетті деген тоқтамға келген болатын. Сон-
да субъектісі я грамматикалық бастауышы контекстегі басқа сөйлемдер-
де тұратын, ал баяндауышы есімше, көсемше, əредік қимыл есімдерінен 
не  шылаулы  тіркестерден  жасалған  бағыныңқы  құралымдарға  қандай 
тұрғы  беруге  болады  деген  сұрақ  туады.  Мұндай  құралымдар  сыртқы 
құрылыстары,  баяндауыштарының  пішіні  жағынан,  басыңқы  бөлікпен 
мағыналық  қатынасы  жағынан  сабақтастың  бағыныңқы  сыңарына  да, 
күрделенген сөйлемнің оралымына да ұқсап жатады. Сабақтастың бағы-
ныңқысына  жатқызу  үшін  құрамында  бастауыштың  болуы  қажет,  сон-
дықтан  мұндай  құралымды  сабақтас  құрмаласқа  жатқызу  қиын.  Оған 
тағы бір себеп – предикативтілік толық емес. Демек, мұндай құралымдар 
жартылай  предикативті  болып  есептеліп,  күрделенген  сөйлем  деп  та-
нылғаны  ұтымды.  Мұндай  құралымның  айқын  танылуына  контекст 
ықпал етеді. Тіпті, контекстің жетпей тұрғаны, оралымның бастауышы 
жетпей тұрғаны сол сөйлемнің өз бойынан да байқалып тұрады. Дəлел 
үшін Содан бері үздіксіз жылау үстінде жиі-жиі талып кетіп, қасын-
дағы  Бөке,  Диқанбай  сияқты  үлкендер  су  бүркіп  зорға  тірілтіп  алып
отырған-ды (Қ.Жұмаділов) деген сөйлемді алайық. Бұл сөйлемнің Со-
дан бері үздіксіз жылау үстінде жиі-жиі талып кетіп бөлігінің субъек-
тісі «үлкендер» емес, оның субъектісі бұл сөйлемде жоқ, қимыл-əрекет 
басқа субъектіні талап етіп тұр. Демек, контекске жүгінуге тура келеді. 
Мəтінде осы сөйлемнің алдында Байғұс əйел кеше кеште Демежан қаза-
сын естіген сəтте-ақ қара шашын жайып жіберіп, əлі нұры таймаған 
алқызыл сұлу жүзін тырнағымен осып қан жоса еткен деген сөйлем тұр. 
Тұтастырып оқып көрейік:
 Байғұс əйел кеше кеште Демежан қазасын естіген сəтте-ақ қара 
шашын  жайып  жіберіп,  əлі  нұры  таймаған  алқызыл  сұлу  жүзін  тыр-
нағымен осып қан жоса еткен. Содан бері үздіксіз жылау үстінде жиі-
жиі талып кетіп, қасындағы Бөке, Диқанбай сияқты үлкендер су бүркіп 
зорға  тірілтіп  алып  отырған-ды  (Қ.Жұмаділов).  Қоюлатып  көрсеткен 


152
153
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
бөліктердің  арасында  субъект-предикаттық  қатынас  бар  екенін  байқау 
қиын емес.
Мұндай  жартылай  предикативтенген  тəуелді  конструкциялардың 
тірек сөйлеммен мағыналық қарым-қатынастары сабақтас құрмалас ком-
поненттерінің арасындағы қатынастарға жəне сабақтастың бағыныңқы-
сының баяндауышының пішіміне үйлес болып келеді.
Мезгілдік қатынастағы күрделенген сөйлемдерге мысалдар (контекс-
тегі субъект мен предикатты қоюлатып көрсетеміз):
Шынында, ол бұл жолы үлкен артистік істеп шығып еді. Күздігүні 
алысқа  аттануға  ерініп,  көрші  отырған  Қанайдан  үш  жылқыны  əкеп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет