уыр бола тұра», «туған бауыр болғанмен».
Тірек бөлігі мен тəуелді бөлігі қарсылықты қатынасқа құрылған күр-
деленген сөйлемге бір мысал:
Назгүлдің алдын ала есеппен тұрмысқа шығу арқылы өзіне жағдай жасауы – эгоизмнің салдары. Ең алдымен баланың əкесіз өсетіндігін ой- ламай, баспана мен тұрмысын ойлауы о бастағы ата-ана тəрбиесінің мардымсыздығынан («Заман-Қазақстан»).
Бұл мысалдағы 2-сөйлемнің контекстік қарсылықты бағыныңқы
бөлігінің болымсыз тиянақсыз көсемшеден жасалуы сабақтас құрма-
лас сөйлемге байланысты əдебиеттердің бірінде де кездеспейді. Алай-
да, мұны қарсылықтыға жатқызуымызға себеп лексикалық бірліктің
грамматикалық жолмен антоним болуы (ойламау-ойлау), екіншіден,
тағы бір дəйек бар: «Қарсылықты бағыныңқы сөйлемдердің мағыналық
арақатынастары, негізінде, бір-біріне қайшы мəндес болғанмен, олар-
дағы оқиға, əрекеттің орындалу, орындалмау нəтижесі əр сапада болып
отырады. Кейбір қарсылықты бағыныңқы сөйлемдердің екі компо-
нентінде де оқиға, болмыстың орындалғаны көрсетілсе, енді біреулерін-
де, керісінше, орындалмағаны көрсетіледі. Енді бір сөйлемдердің бағы-
ныңқысында қимыл процесінің болғандығы байқалса, басыңқысында
сол қимыл өрісі, əрекет теріске шығарылады; ал қайсыбірлерінде ара-
лық мағына қатынасы керісінше болады: бағыныңқы сөйлемдегі оқиға,
болмыс орындалмайды да, басыңқыдағы оқиға, іс жүзеге асырылады»
[5, 204 б.]. Академиялық грамматикада: «Құрамында түгіл, былай тұр- сын тəрізді сөздері бар сөйлемдер де мағыналық жақтан қарсылықты
бағыныңқыға ұқсайды. Алайда құрылысы жағынан мұндай сөйлемдер
жай сөйлемдердің қатарына қосылады. Өйткені, бұлар бағыныңқының
өзіне тəн белгілеріне жауап бере алмайды», - деп жазады да: «Жарқын сияқтылар келеке етпек түгіл, мұның алдында жымдай болып жүрер еді (Иманжанов)» деген мысал келтіреді [5, 203 б.]. Шынында, келтірген
мысалға қарасақ, бастауыш біреу ғана, сондықтан «келеке етпек түгіл»
деген қарсылықты оралым қызметін атқарып тұр. Алайда, біз жиналған
тілдік фактілерді сараптау үстінде контекст жағдайында осы тəсілмен
күрделенген сөйлемнің бағыныңқы бөлігінің де жасалатынын байқап
қалдық.