178
179
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
мағынаға сай сөйлем мүшелерiнiң алмасу мəнбірлерiне (факторларына)
назар аударса, ендi бiр еңбектерiнде кеңес дəуiрiндегi мерзiмдi баспасөз
тiлiндегi құрмалас сөйлемдерге, төңкерiстен бұрынғы жəне ауыз əдеби-
етi үлгiлерiндегi осындай құрылымды сөйлемдермен салыстырылып,
қазақ тiлi синтаксис жүйесiне орыс тiлiнiң тигiзген ықпалы сараланады.
Бiр мағына не сөз (өйткенi мағына сөз арқылы түсiнiледi) құрмалас
сөйлемнiң құрамына енген жай сөйлемдерге ортақ болып, ол компонент-
тердi жақындастыра, жымдастыра түседi. Құрмаластың құрамындағы
жай сөйлемдер бiр мағынаға, ойға ортақтаса отырып, жалпы мағыналық,
интонациялық жағынан да тұтасып, бiр бүтiн құрайды. Оны мына мысал-
дан аңғаруға болады:
Тарихтың субъектісі – ерікті халық, сол себепті де
оның жүгі ауыр (А.Айталы). Бұл құрмаластың компоненттерi арасында
екi түрлi мағыналық қатынас бар: бiрi – бiрiншi жəне екiншi компонент-
тердiң бiр-бiрiмен мағыналық қатынасы (бұл жерде себеп-салдар мəндi).
Осыдан келiп салаластың мағыналық түрлерi шығады. Екiншiсi – осы
компоненттердiң екеуiне де ортақ мағына. Осы мысалда
халық деген сөз
жəне оның мағынасы екi компонентке де ортақ (салыстырыңыз:
Тарих-
тың субъектісі – ерікті халық, сол себепті де оның (халықтың) жүгі
ауыр). Егер ондай ортақ мағына болмаса, бұл екi компонент күрделi бiр
ойды бiлдiрмей, байланысы жоқ екi түрлi ойды аңғартар едi.
Ортақ ойдың жай сөйлемдердiң салаласуында қатысы барын тiл ма-
мандары бiрлi-жарым аңғартады. Мысалы, А.Ысқақов
“Жасымда ғылым
бар деп ескермедiм, Пайдасын бiле тұра тексермедiм” деген сөйлемнiң
ұғымын алғашқы жай сөйлемдегi
“ғылым” деген сөзбен байланыстыр-
маса, ненiң пайдасын бiле тұра тексермегенi анық болмайды, – дейдi [7,
16 б.]. Профессор Н.Т.Сауранбаев
“Жаздыгүнi томпиған бiр төбелер бар
едi, ендi олар қарға батып кетiптi де, төбелер томпиып жататын”
деген мысалдағы үш жай сөйлем мағына жағынан да, сыртқы форма қа-
зығы –
төбе дей келiп,
“Патша сайламаққа арыстан жарамайды екен,
себебi ол барлық жəндiкке зиян келтiредi, сондықтан маймылды пат-
ша сайлайық”, – деген мысал туралы: “Шынында бұлар сыртқы тұлға
жағынан ешбiр байланысып тұрған жоқ”, – деп тұжырымдайды. Бiрiншi,
екiншi сөйлемдерге ортақ сөз (мағына)
арыстан, бiрiншi, үшiншi сөй-
лемдерге ортақ сөз
патша сайлау екенiн айтпасқа болмайды. Ортақ ой
(мағына) əр компонентте қайталанып келгенмен, олардың сөйлемдегi
қызметi əртүрлi болатындығын көрсетеді.
Компоненттерді байланыстыруда есімдік сөз табының, əсіресе,
есімдік-үстеу жұбының рөлі зор. Грамматикада қатыстық сөздер, мəтін-
тануда корреляттар деп аталатын бұл жұптың құрмалас компоненттерін
байланыстырудағы орны ерекше. Компоненттер құрамындағы
кім-сол,
Достарыңызбен бөлісу: