Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет167/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

қайда-сонда, қанша-сонша, қандай-сондай, неғұрлым-соғұрлым жəне т.б. 
жұбының алғашқы сыңары бағыныңқы сөйлем құрамына келгенде, олар-
дың баяндауышы шартты рай формасында тұрады да, екінші сыңары ба-
сыңқы сөйлемде қолданылады. Сөйтіп, қатыстық сөздердің параллельді 
қызмет етуі нəтижесінде құрмалас компоненттері арасындағы байланыс 
күшейе  түседі.  Белгілі  бір  есімдігі  бар  тəуелді  компонент  өзіне  сəйкес 
қолданылған  есімдігі  бар  негізгі  компонентке  сілтейді.  Мысалы,  бағы-
ныңқы  сөйлемдегі  кімді  сұраулы  есімдігінің  қолданылуы  өзінен  кейін 
басыңқы сөйлемде сол деген сілтеу есімдігін қажет етеді:
Кімді айтсаң, сол келеді. 
Татар  синтаксисшісі  М.З.Закиев  осындай  сөйлемдердің  құрылысын 
қарастыра  отырып,  бұл  байланыс  тəсілін  айқындауыштық  қатынас  деп 
атайды [36, 125-132 бб.]. Лингвистикалық əдебиеттерде есімдіктің сөй-
лемнің қай мүшесінің орнына жүретініне байланысты бағыныңқы сөй-
лемдерді жіктеу үлгісі де бар.
Кейде құрмалас құрамында қос қатыстық есімдіктің біреуі ғана қолда-
нылады. Жəне ол есімдік бағыныңқы сөйлемдегі баяндауыш құрамында 
кездеседі де, оның қызметін анықтайды: ол бағыныңқы бөлімді аяқтайды 
жəне басыңқы сөйлеммен байланыстырушы негізгі тəсіл болып табылады.
Бұндай  сөйлемдерде  бірінші  (бағыныңқы)  компоненттің  мазмұны 
екінші (басыңқы) компонентте ашылады, яғни құрмалас компоненттері 
түсіндірмелілік қатынаста байланысады. 
Тек бір ғана тілегім сол – толып дами берсеңші, биікке баса берсеңші 
(М.Əуезов). 
Сенің жөнің бөлек дегенім сол – сен сонау жиналған бас буынның қай-
наған ортасындасың (М.Əуезов).
Қазіргі əдеби қазақ тілінде мұндай құрылымдар барлық функционал-
ды  стильдерде  қолданылады.  Олардың  нормалануы  туралы  сипаттама 
жəне ғылыми грамматикаларда айтылып жүр. Мұндай сөйлемдерді сала-
лас деп те, сабақтас деп те танитындар бар.
Берілген синтаксистік құрылымдар əдеби қазақ тілінде кең қолданыс 
тапқан. Оларды ұйымдастыруда есімдікті-үстеу сөздердің рөлі зор. Олар 
есімшеде  етістіктің  қасиеттері  сақталуын  пайдаланып,  сол  сөйлемдер 
құрамына енгенде бастауыш қызметін атқарады. Есімше бастауышы бар 
сөйлемдер  құрамына  мезгіл  жəне  себеп  мəнді  “осы”, “сол”, “мынау” 
есімдіктерінің ену мүмкіндігін Р.С.Əміров көрсеткен болатын [37].
Қазіргі əдеби қазақ тілінде бұл құрмалас сөйлемнің түрі өте жиі қол-
данылады. 
Компоненттерінің  бірінде  келген  қандай,  қанша,  қалай  есімдіктері 
екінші  компонентте  сондай,  солай,  сонша  үстеулерінің  бірінің  тұруын 
талап етеді. Қандай-сондай, қанша-сонша, қалай-солай жұптары арқылы 
салыстырмалы мəндегі құрмаластар түзіледі. Ал бірінші компонент баян-
дауышы қызметіндегі жалпылау есімдігі түсіндірмелі мəндегі құрмалас-
тың түзілуіне ықпал етеді. Мұны тіл білімінде құрмалас компоненттерін 


180
181
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
байланыстыратын  катафоралық  элемент  деп  те  атайды.  Айғай-шудан 
ұққаным  мынау:  дүкенге  ұры  түсіпті  (С.Сарғасқаев).  Ал,  керісінше, 
бірінші компонентте айтылған сөздің екінші компонентте есімдік, үстеу 
сөзбен ауыстырылуы анафоралық элемент ретінде танылады. Мысалы: 
Əбірақ атай мені теңізге алып шығуға келіскенде, əкемнің оған қуанға-
нын көрсең (М.Айымбетов).
Жай сөйлемдердi бiр-бiрiмен байланыстырып, олардың мағыналарын 
құрап, күрделi мағынаға жол ашатын формалардың бiрi – антоним, сино-
ним сөздер. Антоним, синоним сөздер морфологиялық тұлғасы жағынан
əр  түрлi  болып  келетiнi  сияқты  синтаксистiк  қызметi  жағынан  да  алу-
ан түрлi. Олар сөз табының қай-қайсынан да жасала бередi жəне септiк 
жалғауларында тұрып, не басқа сөз таптарының санаттарында түрленiп, 
сөйлемнiң  бастауыш,  баяндауыш,  толықтауыш,  анықтауыш,  пысықта-
уыш мүшелерiнiң қызметiн жеке-жеке атқара алады. Көбiне мұндай сөз-
дер екi сөйлемде де сөйлемдердiң бiр-ақ мүшесi болады.
Антонимдер салаластың да, сабақтастың да құрамында келуі арқылы 
құрмалас  сөйлемді  құраушы  компоненттердің  арасындағы  мағыналық 
қатынасты айқындауға ықпал етеді. Құрамында антоним сөздері бар сөй-
лемдер көбінесе мақал-мəтел, афоризм, қанатты сөздерде жиі ұшыраса-
ды. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет