224
225
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
мүшелері ыңғайында топтастырудың, мағыналық ұстанымға негіздей
саралаудың тиімсіз жақтарын атап өтіп, сабақтастарды алдымен, қатыс-
тық, адвербиалды жəне ыңғайлас (соңғы еңбегінде үлестес деп атаған)
деп үш топқа жіктеп, əрқайсысының мағыналық топтарын ажыратқан
[8]. Бұл жерде құрмаластарды топтастыруда біз ұсынып отырған саралау
жалпы қазақ тіл білімі үшін тосын тұжырым емес екендігіне баса на-
зар аударғымыз келеді. Əр жылдары айтылғанмен, негізгі оқулықтар мен
грамматикаларға бұл топтастырудың енбей қалуы «сөйлем мүшелерімен
тавтологиядан қашу», «бір ғана ұстанымды негізге алу» үрдісінен туса
керек. Синтаксистік бірлік атаулыға ортақ синтаксистік қатынастан құр-
малас сөйлемге келгенде бас тарту – ақиқатты мойындамау. Ал сөйлем
табиғатын жан-жақты ашу үшін оны бір ғана қырынан алып қарастыру,
əрине, жеткіліксіз. Құрмаластарды жоғарыдағыдай топтастыруға функ-
ционалдық ұстаным негіз болса,
семантика-грамматикалық ұстаным
нəтижесінде оларды:
– ыңғайлас мəнді құрмаластар;
– шарт мəнді құрмаластар;
– қарсы мəнді құрмаластар;
– салыстырма мəнді құрмаластар;
– мезгіл мəнді құрмаластар;
– себеп мəнді құрмаластар;
– амал мəнді құрмаластар;
– мақсат мəнді құрмаластар;
– түсіндірмелі қатынастағы құрмаластар;
– кезектестік жəне талғау мəнді құрмаластар деп топтастыруға бо-
лады. Бұл жерде функционалды грамматиканың “мазмұннан тұлғаға”
принципі басшылыққа алынды.
Достарыңызбен бөлісу: