Айқындауыштық қатынастағы құрмалас сөйлемдер. Құрмалас
сөйлем өзінің құрамындағы компоненттері арасында орнайтын белгілі
бір функционалдық (жұмсалымдық), грамматикалық, семантикалық қа-
тынасқа негізделген күрделі синтаксистік бірлік ретінде танылады. Қазақ
тіл біліміндегі құрмалас сөйлемді топтастыруға қатысты пікірлерді жи-
нақтай келе, компоненттер арасындағы қатынасты жұмсалымдық-грам-
матикалық сипатына қарай айқындауыштық (субъект-предикаттық,
атрибутивтік, нысандық, адвербиалдық) жəне теңдік қатынастағы құрма-
ластар деп сараладық.
Айқындауыштық қатынастағы құрмалас сөйлем компоненттері арақа-
тынасының ерекшеліктері қазақ тілінде құрмалас сөйлемдердің аталған
типін бөліп шығаруға себеп болып отыр. Айқындайтын компонент пен
айқындалатын компоненттің немесе берілген типті құрмалас сөйлем
компоненттерінің жеке мүшелерінің арақатынасына қарай оларды екіге
бөлуге болады: екінші компонент бірінші компонентті толығымен ай-
қындайтын сөйлемдер жəне екінші компонент бірінші компоненттің бір
ғана мүшесін айқындайтын сөйлемдер.
Айқындауыштық қатынастағы құрмалас сөйлемдердің басты ерек-
шелігі қос компоненттің бірінде айтылған ойдың мəні екінші компонент
арқылы айқындалып тұрады, соның нəтижесінде бірі екіншісінің субъек-
тісі не предикаты, атрибуты, нысаны тəрізді жұмсалымдық сапаға ие бо-
лады. Осыған орай, айқындауыштық қатынастағы құрмалас сөйлемдерді
өз ішінде төмендегіше топтастырамыз:
а) субъект-предикаттық қатынастағы құрмаластар;
ə) атрибутивтік қатынастағы құрмаластар;
б) нысандық қатынастағы құрмаластар.