220
221
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Қызыл Жебеге қонған Рысқұлдың
сирек жылжитын қаһарлы қара сұр
өңінен нұр төгіліп,
əруақ қуып арқасы қозған
бақсыдай айбыны асқақтап
шыға келді.
Көздері шоқ шашып,
Байқағанымыздай, жарыспалы көп бағыныңқыда əр бағыныңқы ком-
понент пен басыңқы компоненттің арасында мағыналық қатынас түзуде
бірыңғайлық (екінші мысалда: амал бағыныңқы, амал бағыныңқы) та,
əрыңғайлық та (бірінші мысалда: себеп бағыныңқы, салыстырмалы) қа-
тынас орын алуы мүмкін. Осыған орай, жарыспалы көп бағыныңқылар-
ды бірыңғай жарыспалы жəне əрыңғай жарыспалы көп бағыныңқы деп
бөлу дəстүрі де бар.
Сатылы көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің қатар тұрған
компоненттері бір-бірімен мағыналық қатынаста тұратындықтан, ба-
сыңқы компонентпен тікелей байланыса алмайды. Тек соңғы бағыныңқы
компонент қана басыңқы компонентпен мағыналық қатынасқа түсе ала-
ды.
Мысалы: Ұсақ балалардың көпшілігі жеке-жеке тайға мініп, бірен-са-
рандары екі-екіден мінгесіп алып Абайларға ілесе шыққанда, жұрттың
бəрінің артында қалған Оспан болды (М.Ə.).
Сатылы көп бағыныңқылы сабақтастардың құрамындағы əр бағы-
ныңқы сөйлем басыңқымен тікелей байланыса алмайды, бірінші бағы-
ныңқы екіншімен, екінші үшіншімен т.т. байланысып барып, басыңқы
сыңармен байланысады. Сондықтан да осылайша сатылай байланысу-
да ең соңғы бағыныңқы компонент бірден-бір шешуші рөл атқарады.
Сабақтас құрмаласта бағыныңқы сөйлемдердің өз басыңқысынан бұрын
орналасуы – түркі тілдеріндегі сабақтас құрмалас табиғатына тəн құ-
былыс. Алайда пікір алысу барысында коммуниканттың ой жеткізудегі
стратегиясы мен мақсатына байланысты кейде бағыныңқы сөйлемдердің
орын тəртібі алмасып қолданатын жағдайлары да кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: