Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет243/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

сонша, соншалық, сондай, соншама, осы т.с.с. сөздер келесі сыңардағы 
айтылатын құбылысқа, ойға сілтейді де, осы сөздердің мəн-мазмұны сол 
келесі сөйлемде анықталады. Мысалы: Менің сендерге берген парам сол: 
дəл сол Құнанбай баласы да өзіміздей адам баласы екенін таныттым 
(М.Əуезов).  Бұл  сөйлемдегі 2-сыңар 1-сыңардың  сол  баяндауышының 
мəнін қамтып тұр.
Есімдік құрмаластың екінші не одан кейінгі сөйлемдерінде алдыңғы 
сөйлемдердегі бір сөздің орнына жүріп сол сөйлемдерді құрмаластыра-
ды. Мысалы: Құлбай үйінде жаңадан мектеп ашылатын болыпты жəне 
оған жаңадан мұғалім келіпті (З.Ақышев). 


306
307
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Сабақтас құрмалас сөйлемді құрастырушы сыңарлардың арасындағы 
мағыналық байланысты (құрылымдық байланысты емес) есімдіктер жү-
зеге асырып тұратын жайттар көп кездеседі, мұндай жағдайда басыңқы 
сөйлемнің  құрамындағы  есімдік  бағыныңқы  сөйлемде  айтылған  ойды 
сол өзі тұрған сөйлемге апарып енгізеді. Мысалы: Мен өз өмірімнің қа-
бырға кіргенше ұмытылмас шағын айтсам, ол – сүюден кешкен зарым 
еді. Майбасар сəлемі бір келсе, соған ілесе Жігітектің бұл жауабы жəне 
келді (М.Əуезов).
Сабақтас  құрмалас  сөйлем  сыңарларының  бір-бірімен  салыстырма-
лық қатынаста келіп байланысуы есімдіктерге қатысты. Мұндайда бай-
ланыстырушы есімдіктер жұптасып отырады, ондай жұптардың қатары-
на мыналарды жатқызуға болады: қандай - сондай; қалай - солай; қанша 
- сонша; нені – соны т.с.с. Мысалдар:
Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілесің (мақал);
Ажары қандай болса, ақылы да сондай (Б.Майлин);
Күнтудың  болыс  болып  шығуы  Құнанбай  балаларына  қаншалық
ойда жоқ сұмдық болса, ояздың өзіне де соншалық жат көрінген (М.Əуе-
зов).
Есімдіктерді  тіл  жүйесіндегі  алатын  орны – орынбасарлық  қызмет. 
Есімдіктердің  синтаксистік  құрылыстан  алатын  орнын  да  оның  осы 
қызметінен  іздеген  жөн.  Енді  осы  қызметін  контекст  ықпалында  қарап 
көрейік.
Адам  өз  ойын  əрқашан  бір  сөйлеммен  ғана  жеткізе  алмайды.  Сон-
дықтан  мəтін  кеңшілігін  пайдаланады,  ал  мəтін,  негізінен,  бірнеше 
айтылыс-сөйлемдерден  тұрады,  ол  сөйлемдер  бір-бірімен  құрылым-
дық-мағыналық  іліктестікте  болмаса,  тілдесім  əрекеті  мақсатына  жете 
алмайды. Осы тұста сөйлемді дəстүрлі синтаксистік мүшелеу емес, ком-
муникативтік (актуалды) мүшелеу көмекке келеді.
Сөйлемнің  коммуникативтік  мүшеленуі  құрылымның  нақты  қарым-
қатынасқа  қызмет  етуін  көрсетеді,  сондықтан  да  сөйлемді  контекс-
тен, мəтіннен бөлек алып қарау əрқашан тиімді бола бермейді. Өйткені 
кез  келген  сөйлем  мəтіннің  құрамдас  бөлігі  болады  да,  сол  сөйлемдер 
тұтас мəтінді құрау үшін бір-бірімен байланысты болып тұрады. Міне, 
осындай бір байланыстың белсенді құралы есімдік болады.
Бір маңызды айғақ – сөйлем арқылы айтылатын ойдың тиянақтылық 
дəрежесінің  контекске  тəуелділігі.  Осы  тұрғыдан  келгенде,  құрамын-
да есімдігі бар сөйлем мағына-мазмұн жағынан қаншалықты тиянақты 
екенін көрсету – міндет. Мəселен, «Оның пайымдауынша, радио дегенің – 
алыстан əуе арқылы жететін сөз, үн.» деген сөйлемді алсақ, тиянақсыз-
дықты бірден байқауға болады. Өйткені «пайымдап отырған» кім екенін 
біле алмаймыз. Демек, контекске жүгінеміз де, мəтіндегі осы сөйлеммен 
байланысып тұрған сөйлемді бірге оқу арқылы ойды тиянақтаймыз: «Бо-
рандының Едігесі радио арқылы басқару дегенді түсіне алмайды. Оның 
пайымдауынша, радио дегенің – алыстан əуе арқылы жететін сөз, үн.». 
Ал бұл екі сөйлемдегі ой жалғастығы бірінші сөйлемдегі «Борандының 
Едігесі» деген сөзді екінші сөйлемде ілік септігінде «ол» есімдігі ауыс-
тыруы арқылы жүзеге асып тұр.
Есімдіктердің  мағыналық  түрлерінің  сөйлемге  қатысуы  арқылы  сол 
сөйлемді  тиянақсыз  етіп,  басқа  сөйлемдермен  байланыстыратынын 
дəлелдейік.
Сілтеу есімдіктерінің сөйлемдегі ойды тиянақсыз, контекске тəуелді 
етуінің  жəне  аяқталған  сөйлемдерді  байланыстыруының  өзіндік  ерек-
шелігі бар. Бұлар анафоралық та (өзінің алдындағы), эпифоралық та (өзі-
нен кейінгі) бағытты нұсқай алады. Анафоралық бағытқа мысал:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет