Синтаксистік парадигмалар


 Мəтін құрамындағы дербес сөйлемдердің синтаксистік



Pdf көрінісі
бет240/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

4.2 Мəтін құрамындағы дербес сөйлемдердің синтаксистік
байланысы
Аңдату. Шумақты құрайтын дербес сөйлемдердің байланысы туралы 
пікірлер тіл білімінде бір арнаға түсе қойған жоқ. Бірқатар тілтанушылар 
жеке пішімделген дербес сөйлемдердің байланысын сөйлем мүшелерінің 
байланысымен ұқсастырады [47, 10-29 бб.; 48, 3-8 бб.], келесі бір тобы 
құрмалас сөйлемнің сыңарларының байланысымен сəйкес деп санайды 
[17, 7-9-б., 237 б.; 19, 7 б.; 25, 5 б.], үшінші бірі жай я құрмалас сөйлемге 
тəн байланыстарды шумақ компоненттеріне жуытпайды, дербес сөйлем-
дердің байланысуын жоғары деңгейдегі айрықша суперсинтаксистік бай-
ланыстарға жатқызады [34, 49-59 бб.]. 
Тоқтамды бір заңдылық бар, ол синтаксистік байланыстың салалас-
тық (паратаксис) жəне сабақтастық (гипотаксис) деген екі типі болады. 
Бұл байланыстар жай сөйлем мен құрмалас шегінде əбден қалыптасты. 
Шумақ құрамындағы дербес сөйлемдердің байланыстарын да осы екі 
типке телуге болады, тек бұларды сөйлемнен жоғары деңгейдегі салалас 
жəне сабақтас байланыстар деп қараған жөн. Сонда дербес сөйлемдердің 
тізбекті (ізбе-із) байланысын сабақтас типіне, параллель байланысын са-
лалас типіне жатқызамыз.
Сонымен қатар шумақ құрамындағы дербес сөйлемдердің байланы-
сындағы тағы бір ерекшелік – орындарына қарай іргелес тұрып та, алшақ 
тұрып та, бағыттарына қарай ілгерінді де, кейінді де болып байланыса-
тындығы, ал жай жəне құрмалас сөйлемдердің сыңарлары іргелес тұрып 
байланысатыны белгілі. Мысал келтірейік:
№ 29. Кабинет  терезесінің  кемерінде  даусын  қыраттап  қарлығаш 
сайрап  отыр  екен (1). Қағазға  үңіліп  қалған  Рысқұлов  əуелі  байқаған 
жоқ (2). Тек  қым-қуыт  қызу  істің  арасында  миының  бір  қатпарынан 
жарқ  етіп  əкең  елес  беріп  қалғандай,  əкесінің  қатқылдау  қоңыр  үні 
естіліп  қалғандай  сезілген  де,  кенет  селк  етіп,  терезе  жаққа  қараған 
(3).  Қараса,  сыртқа  қарай  ашылған  форточкада  қарлығаш  отыр  екен 
(4) (Ш.Мұртазаев).
Бұл  шумақта 1-нші  жəне 2-нші  сөйлемдер  іргелес  тұрып  қарлығаш 
сөзінің екінші сөйлемде қарлығашты тура толықтауышының жасырын 
қайталанып  тұруы  арқылы  байланысып  тұр. 4-сөйлемнің 1-сөйлем-
мен  байланысы 4-сөйлемде 1-сөйлемнің  «қарлығаш  отыр  екен»  деген 
бөлігі  қайталануы  арқылы  алшақ  түрде  жүзеге  асқан,  ал  бұл 4-сөйлем 
3-сөйлеммен  түйістегі  қараған – қараса  сөз  пішіндерінің  қайталануы 
арқылы  іргелес  тұрып  байланысқан. 2-сөйлем  мен 3-сөйлем  іргелес


302
303
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
байланыста: 3-сөйлемдегі  «əкесінің»  деген  сөз  формасы 2-сөйлемдегі 
«Рысқұлов» бастауышына тиесілі, 3-сөйлемде «Рысқұлов» ілік септігін-
де  жасырын  тұр; 3-сөйлем 1-сөйлеммен  алшақ  түрде  «терезе»  сөзінің 
қайталануы арқылы байланысып тұр. Бұл шумақтағы 2-сөйлемнің байла-
ныс бағыты кейінді (Рысқұлов нені байқаған жоқ деген сұрауға жауапты 
1-сөйлемнен табасыз), сол сияқты 3-нші, 4-нші сөйлемдердің мағынасы-
ның  ашылуы  алдыңғы 2-сөйлемге  тəуелді.  Ілгерінді  байланысқа  мына 
мысал көрсеткіш бола алады: 
Бұл оқиға былай болған еді. Қай жақтан екенін кім білсін, қыс ортасы 
ауған соң, колхоз қоймасына шана-шана тұқымдық бидай келіп түcipiлe 
бастады. /.../. Əкем екеуіміз бip қап алтын берсең де таптырмайтын бip 
пұт бидайды алып қуана-қуана үйге келдік (С.Шаймерденов).
Бұл мысалдардан шығар қорытынды сол, шумақ сыңарларының бай-
ланысы кешенді болып келеді: іргелес, алшақ; ілгерінді, кейінді; бір ғана 
құралмен,  бірнеше  құралмен  байланысады.  Мəселен,  осының  алдында 
келтірген шумақтағы байланысу жолдарын былай сұлбалауға болады
5
:
1-ші («қарлығаш») - 2-ші (көмескі түрдегі нысан «қарлығаш») - 4-ші 
қарлығаш»).
2-ші (Рысқұлов) - 3-ші («əкесінің») - 3-ші (көмескі субъект «Рысқұлов») 
- 4-ші (көмескі субъект «Рысқұлов»).
1-ші («терезесінің») - 3-ші («терезе жаққа»).
1-ші («терезесінің кемерінде») - 4-ші («форточкада»).
Шумақ құрамындағы дербес сөйлемдердің байланысу түрлеріне кө-
шейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет