Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет239/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

пиіп, ашаң жүзді келген бip əйел сиырдың қорасын тазалап жүр. Жұ-
мысқа мойындамағандығы, жұмысты көңілденіп істемегендігі iciнен де 
көрініп тұр. Бірден бітipiп тастайтын жұмысты күн оздырайын деген 
кісідей, үнемдеп істеп жүр. Кішкене жүргеннен кейін күрегіне сүйеніп 
дем алады. Əлденелерді ecінe түсіреді. Өткендегі мен қазіргі күнді са-
лыстыра бастаса, өзінен өзі мүжіліп, ыстық жас көзден тимей-тимей 
кетеді.
Бұл Зылиха еді. Сарымсақтың Зылихасы! Сарымсақ сасып, Ұлпа мен 
Бақыт  жылап  үйді  басына  көтерген  түні  Зылиха  Сарымсақтың  қой-
нынан шығып, көрмеген, білмеген біреудің соңынан ерген. Неге ерді, не 
мұңы бар, жылатып тастап кеткендей Сарымсақтың не жазығы бар? 
Бұл Зылиханың əлі күнге шешпеген жұмбағы... (Б.Майлин).
Алдыңғы  мысалға  қарағанда,  бұл  үзіндіде  абзацқа  бірнеше  сөйлем 
енгізілген.  Екінші  абзацтың  бірінші  сөйлемі  алдыңғы  абзацпен  «бұл» 
есімдігі арқылы байланысып, сол алдыңғы абзацты тиянақтап тұр, яғни,
алдыңғы абзацқа қосылып бір шумақ болып тұр. Бұл сөйлемді (Бұл Зыли-
ха еді) келесі абзацқа жылжытып жіберуде, оның үстіне қосымша леп 
белгісін қоюда жазушының осы сөйлемдегі «жаңа хабарға» оқырман на-
зарын айрықша аудару мүддесі жатыр. Екінші абзацтың басқа сөйлем-
дері  бірінші  сөйлемнен  бөлініп  азатты  жолдан  неге  жазылмаған  деген 
сұрақ  тууы  мүмкін.  Мұны  екінші  абзацтағы  бірінші  сөйлемнің  келесі 
абзацтағы сөйлемдермен де байланысып тұрғанымен түсіндіруге бола-
ды, екі абзацта да субъект біреу (Зылиха). Бұл тұста бізге көзге көлемі 
көрініп тұратын абзац көмекке келеді: біз екі абзацтағы айтылыстардың
модальділігі əртүрлі екенін оңай байқаймыз: бірінші абзацтағы айтылыс-
тар  осы  шақтағы  құбылыстарды,  екінші  абзацтағы  айтылыстар  өткен 
шақтағы құбылыстарды баяндап тұр, сонымен қатар тақырыпшаның өз-
гергені де көрініп тұр: бірінші абзацта субъектінің сырт əрекеті, екінші 
абзацта ішкі көңіл-күйді баяндауға ауысады. Сондықтан екінші абзац-
тың бірінші сөйлемінен басқасы бөлек шумаққа біріктіріледі, ал бірін-
ші сөйлемі екі шумақ арасындағы «өткел» қызметін атқарады, мұндай 
байланысты  шумақ  ішіндегі  емес,  шумақтар  арасындағы  байланысқа 
жатқызған жөн.
Біз  қарастырған  мысалдар  абзац  пен  шумақтың  арақатысындағы 
ерекшеліктерді түгендеп бере алмайды. Сондықтан абзац пен шумақтың 
сəйкес келмеуіне қатысты мүмкін болатын жайттарды сызба арқылы көр-
сетуге болады
4
:
а)   ________________________________________________________
 
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
ə)  _____________________ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 
 ________________________________________________________
б)   ________________________________________________________
4 Ескерту. Сызбадағы шартты белгілер: үзіктері бар жəне жоқ тұтас сызық – абзац; 
үзікті сызық – басқа абзацтың сөйлемдерімен байланысып басқа шумаққа енетін бір 
я бірнеше сөйлем.


300
301
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
 
_____________________ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
в)   _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
 ________________________________________________________
6-сурет
Тағы бір мысал:
№ 17. Даланың көп жетіліп, айнала ұзатылатын қыздай жасанып 
тұр.  Қараған,  тобылғы  тeгic  бүрленген:  бетеге  мен  қияқ  түсардан 
келіп, сəл жел тұрса шайы шымылдықтай сусыл қағады. Ауадан күн 
нұрына  қаныққан  көк  шөптің  иісі  бұрқырайды. // Қанағат  кеудесін 
көріктей кepiп, терең тыныс тартты. Мана үй ішінде бip түрлі қа-
паланып, тұншыққандай болып еді, далаға шыққалы сарайы ашылып, 
бойы  жеңілденіп  қалды.  Қолтығынан  демеп  жүрген  інici  Нұрғазы-
дан əдейі шетке қағылып, өз бетімен таяққа сүйеніп apы-бepі жүрді 
(Қ.Жұмаділов).
Бұл  абзацтан  екі  шумақ  бөліп  шығаруға  болады  (шекарасы «//» бел-
гісімен таңбаланған). Бұл бір абзацты екі шумаққа бөлуге мынадай негіз 
бар: егер бір абзацқа екі шумақ енгізілсе, нақты аумақтан (абзац көлемі-
нен) тақырыпшалардың бір емес екені байқалып тұрады. Мына мысалда 
бірінші шумақта табиғат суреті берілсе, екінші шумақта кейіпкердің нақты 
əрекеті баяндалып тұр. Тақырыптың өзгеруі баяндау жосығының, сөйлем-
дер құрылымының өзгеруінен де байқалады: бірінші шумақта ауыспалы 
осы шақтағы, екінші шумақта жедел өткен шақта сипатталып тұр.
Сөйтіп,  шумақты  мəтіннен  ажыратып  бөлектеу  үшін  абзац  пен  шу-
мақты  теңестіре  қарауға  келмейді,  алайда  шумақтың  шекараларын  ме-
желеуде  абзац  бағдарға  алынуға  тиіс.  Бұл,  біріншіден,  зерттеушінің  я 
талдаушының көз аясында нақты шекті көлем тұратындықтан, шумақты 
бөлектеп  алуды  жеңілдетеді.  Екіншіден,  шумақты  шекаралар  алдында 
абзацтың  эмфазалық  құрал  ретінде  қалай  қолданылып  тұрғанын  (жаңа 
ойды белгілеу үшін бе əлде белгілі бір ақпарға айрықша назар аударту 
үшін бе) анықтау, осы абзац мəтіндегі бір шағын тақырыпты тиянақтап 
тұрған-тұрмағанын  анықтап  алу  қажет.  Бұл  үшін  абзацтың  бастапқы 
жəне соңғы сөйлемдерін олардың көршілес сөйлемдермен семантикалық 
жəне құрылымдық қатынастарын ескере отырып жоғарғы жəне төменгі 
абзацтарға ойша «жылжытып» көру керек. Егер бұл сөйлем я сөйлемдер 
ойша апарып қойылған абзацпен тақырыптық, мағыналық-құрылымдық 
жағынан кірігіп тұратын болса, онда олар сол абзацқа қосылып бір шу-
мақ құрамына кіреді, керісінше болса, сол өзі тұрған абзацта қалып со-
нымен шумақтас болады.
Осы бір нақты амал нысанды əрі қолайлы болып көрінеді. Сонда мəтін 
бойындағы  құрылымдық  жəне  мағына-мазмұндық  сипаттар  ескеріледі. 
Əрі бұл амалда əмбебаптық сипат бар.
Абзац пен шумақты бір-бірінен ажырататын басты қағида сол, шумақ 
– объективті факторға, абзац субъективті факторға жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет