Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет23/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Жіктік жалғауы. Жіктік жалғауы қиыса байланысудың құралы екен-
дігі, ал қиысудың сөз тіркесін емес, сөйлем түзетіні белгілі. Алайда бұл 
жалғаудың сөйлем құрамындағы сөз тіркесі сыңарының құрамында қол-
данылатындығын ескерсек, бұл мəселені де айналып өтуге болмайды. 
Жіктік  жалғауы  қиыса,  меңгеріле,  қабыса  байланысқан  сөз  тіркес-
терінің  басыңқы  сыңарларына  жалғанады.  Əрине  жіктік  жалғауын  қа-
былдауға  бейім  сөз  етістік,  сол  сияқты  есімдер  де  жіктік  жалғауды  қа-
былдап, баяндауыш кызметінде жұмсалады. Жіктік жалғауы сөйлемнің 
баяндауыш қызметінде жұмсалатын сөздерге екі түрлі жағдайда жалға-
нады. Біріншіден, ол жалғау сөзге бірнеше жалғау жалғанғанымен, олар-
дың барлығынан соң жалғанады. Мысалы, Біз үйдеміз. Екіншіден, кейде 
жіктік жалғаулары көптік жалғауларының алдында келіп жұмсала береді. 
Мысалы,  Оқа  емес,  сендер  өз  аттарыңды  тарихта  онсыз  да  қалдыр-
дыңдар («Лениншіл жас»). 
  Бірақ  жіктік  жалғаулары  мейлі  сөздің  соңында,  мейлі  белгілі  бір 
жалғаулардан бұрын келгенімен, бəрібір біріншіден, баяндауыштық тұлға 
болып есептеледі де, екіншіден, сөйлемдегі басқа сөздерге басыңқылық 
қызмет атқарып, сөйлемнің ішінде сөз тіркестерін құрауға себеп болады. 
Əрине, етістіктер сөйлемнің соңында келіп, сөз тіркесінде басыңқылық 
қызметте жұмсалған кезде олар əртүрлі тұлғада да жұмсала береді. Яғни 
бер, берген, беріп т.б. тұлғаларда келіп, сөз тіркесінің басыңқы сыңарын-
да жұмсала береді.
Таяқ жесе де, Елена Павловна жылаған баланы уатып, алдында қа-
русыз елге қожаңдап тұрған Хайровты көзімен атып тұр (Ə. Шəріпов). 
Міне, осында уату етістігі көсемше тұлғасында бала сөзімен меңгеріле 
байланысқан сөз тіркесін құрауда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет