2.3 Үстемелі құрылымдар Қазақ тілі синтаксисінде терең зерттелмей келе жатқан саланың бірі
– үстеме құрылым. Үстеме құрылым синтаксистік құрылыстың өзіндік
бір ерекшелігі болып есептеледі. Мұны дəстүрлі синтаксис шеңберінде
қарау қиын, себебі сөйлем санатының құрылымдық-мағыналық талап-
тарына үйлесе бермейді, бірақ коммуникативтік жікте сөйлеммен бірге
қабылданады. Əрі сөйлеу үстінде құрылып, қалыптасады.
Үстеме құрылым деп негізгі айтылыммен бірігіп синтаксистік тұтас-
тық жасайтын, соңғы бөлік алдыңғы, негізгі бөлікке грамматикалық
жағынан да, лексикалық жағынан да байланысты, тəуелді боп тұратын
жəне үстеме бөлік негізгі сөйлемнің мазмұнын кеңейтіп, мағыналық
жағынан толықтырып тұратын бірлікті айтамыз.
Үстеме құрылым екі компоненттен тұрады: негізгі бөлік (сөйлем)
жəне үстеме бөлік. Бұл екі компоненттің орны тұрақты: бірінші негізгі
компонент айтылады да, соңынан үстеме компонент айтылады. Жазба
əдебиетімізде де дəл солай. Негізгі бөлік пен үстеме бөлік айтылғанда,
үзіліс арқылы бөлінеді де, интонацияның ерекше түрімен сипатталады.
Үстеме құрылымның интонациясы туралы орыс тіл білімінің зерттеушісі
И.И.Мещанинов былай дейді: «Үстеме құрылымның тағы бір өзіне тəн
ерекшелігі бұл құрылымның ритмикалық-мелодиялық жағы болып та-
былады. Біріншіден, үстеме құрылымның алдында дауыстың төменде-
уі байқалады, екіншіден, негізгі ой айтылғаннан кейін интонациялық
кідіріс болады, үшіншіден, үстеме бөлік ерекше интонациямен айтыла-
ды» [8, 7 б.].
Үстеме құрылым жазба тілге уақыт өте келе ауызекі сөйлеу тілінен
келіп енген. Олай дейтініміз – жазба тіл мен ауызекі сөйлеу тілі жақын-
дап, біріндегі құбылыс екіншісіне ауысып жатады. Бұл күнде үстеме
құрылым жазба əдебиеттің нормасына ыңғайланып қалыптасуда.
Үстеме құрылым құрмалас сөйлемнің салаласына да, сабақтасына да
ұқсамайды. Оның өзіне тəн ерекшелігі бар.
Салалас сөйлем компоненттері бір-бірімен тең құрмаласады да, са-
бақтас сөйлем компоненттері бірі екіншісіне бағына құрмаласады. Бірақ
екеуінде де айтылатын ой санада алдын ала белгілі болады. Сөйлеуші
сөйлеу процесінде айтатын ойын алдын ала жоспарлап, оны салаластыра
айта ма, жоқ сабақтастыра айта ма, ойдың материалданатын сөйлем-сұл-
басы пайда болады. Ал үстеме құрылымды айтқанда, үстемеленетін ой
санада əлі жоспарланбайды. Ол ой тек негізгі сөйлем айтылып жатқанда,
не айтылып болғаннан кейін санаға келеді.
Құрмалас сөйлем синтаксисінің негізгі нысаны жеке ойды білдіретін
жай сөйлемдердің өзара тіркесіп бір бүтінге айналуы, сол арқылы күр-
делі ойды білдіру жолдары мен тəсілдері болады. Ал үстеме құрылым
синтаксисінің негізгі нысаны жеке ойды білдіретін сөйлемдердің тіркесуі
емес, алдыңғы негізгі сөйлемге мағыналық жағынан да, грамматикалық
жағынан да тəуелді, көмекші сөйлемнің тіркесіп, бір бүтінге айналуы,
сол арқылы ерекше мағыналық жəне экспрессивтік-стилистикалық бояу
беріп, негізгі сөйлемнің мағынасын күрделендіру, кеңейту жолдары мен
тəсілдері боп табылады. Басқаша айтқанда, құрмалас сөйлем синтаксисі
жеке ойды білдіретін жай сөйлемдердің өзара тіркесіп, құрмалас сөйлем
болуын тексерсе, үстеме құрылым синтаксисі дербес сөйлемге көмекші
синтаксистік құрылымның тіркесуін, байланысуын тексереді. Жоғарыда
негізгі сөйлем мен үстеме сөйлемнің арасында үзіліс болады дедік. Ол
үзіліс əртүрлі тыныс белгілері арқылы таңбаланады: нүкте, үтір, леп бел-
гісі, сұрақ белгісі, көп нүкте.
Үстеме құрылымның нүкте арқылы келуі: Өлік Игіліктің шапанын жамылып, Игіліктің пəуескесінен түскені де аңыз ғой. Аңыз болғанда