382
383
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
Берілген коммуникативтік қызметте жеке сөздерді сөйлем мүшесі не-
месе сөйлем ретінде қызметке ендіру үшін грамматикалық амал-тəсілдер
мен интонация маңызды рөл атқарады.
Үстеме құрылым құрамындағы сөз формаларының сөйлем мүшелері-
не ұқсастығы бар. Үстемеленген сөз формасы құрылымдық жағынан
негізгі айтылымның құрамына енбейді, бірақ коммуникативтік, семан-
тикалық жағынан дербес бірлік емес. Олар коммуникативтік дербестік-
ті негізгі айтылым арқылы ғана алады. Үстеме құрылымның осы түрі
арқылы негізгі айтылымға жаңа сөйлем мүшесі қосылуы мүмкін, негізгі
айтылымның белгілі бір мүшесін нақтылауы мүмкін.
Грамматикалық ұйымдасуы жағынан үстеме сөз тұлғасы сөйлемнің
басқа мүшелерінен еш айырмашылығы жоқ. Сөйлем мүшелері бір-
бірімен сабақтаса байланысып, сөйлем ішінде, көбінесе, белгілі бір
тəртіпті сақтайды. Ал үстеме сөз тұлғалары үстемелік байланыс арқылы,
яғни негізгі сөйлем айтылып болғаннан кейін ерекше интонация арқылы
айтылып, негізгі сөйлеммен байланысқа түседі. Мысалы:
Маңдай терісі
жиырылып, жүз жасаған қариялардай түнеріп, толғанып отыр. Ан-
да-санда (Д.Əбілев). Беріліп отырған мысалдағы
анда-санда деген сөз
тұлғасы негізгі сөйлемнің пысықтауышы (қалыпты сөйлем былай бола-
ды:
Маңдай терісі жиырылып, жүз жасаған қариялардай анда-санда
түнеріп, толғанып отыр). Ол авторлық актуалдану мақсатынан сөй-
лемнің сыртына шыққан.
Байқап отырғанымыздай, үстеме құрылымдардың шығу тегі екі түрлі:
біріншіден, негізгі ой айтылып болғаннан кейін негізгі ойды толықты-
ру, нақтылау мақсатында үстеме ой қосылады; екіншіден, үстеме тұлға
негізгі сөйлемнен авторлық актуалдау мақсатында сөйлемнің сыртына
бөлініп шығуы мүмкін. Бұлардың екеуіне де жоғарыда мысалдар кел-
тірдік.
Достарыңызбен бөлісу: